audio
audioduration (s)
1.92
10.5
sentence
stringlengths
9
100
Өз еліңнен шет жерде шуақсыз болар көктем де.
Көз көзге түссе, мейірі жүзге түседі.
Ақылды адам сағыңды сындырмас, ақымақ адам жағыңды тындырмас.
Кісінің үйінде құл болсаң, өз үйіңде ұл боларсың.
«Атасына рақмет, алса да атап-атап алды ғой»!
Сабақты ине сәтімен.
Атдорбасын иіскемей, ат тоймайды.
Асқа барсаң, атыңнан безерсің, тойға барсаң, қатыныңнан безерсің.
Топ көрмеген — қорғаншақ, топтан озған — қызғаншақ.
Қайғысыз қара суға семіреді.
Ер басына күн туса, етігімен су кешер.
Ақылсыз адам менмен келер, ақылды адам кең келер.
Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас.
Жігіт жолдасынан белгілі.
Қолынан келген қонышынан басады.
Екі ұштыны бір күшті қосар.
Сұрап бергенше, ұрып бер.
Тойдың болғанынан, боладысы қызық.
Көрмес түйені де көрмес.
Ат — адамның қанаты, ac — адамның қуаты.
Жазға жетсең, қыс күніңді ұмытпа.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба, алдыңда талай өр бар.
Біреудің төсін жесең, үйіңде сыйла.
Әркім өз қозысын қошқар қояды.
Көргенсіз жегенін айтар, жақсы көргенін айтар, көргені жаман бергенін айтар.
Зинақор әйелден өтірікші бала туады.
Жақсы жұмыс — жанға тыныш.
Темірші көміршіге үйір.
Ер көңілін кім ашар, жарқылдаған жар ашар.
Қараша хан тұсында, қатын ер тұсында.
Жақсы көрген досыңа тәуір көрген малыңды бер, көре-көре сүйсінсін.
Күн батса, қойға соқпақ көп.
Итаяғын ит те қориды.
Алтын тапсаң, санап ал.
Ағайынның азары болса да, безері болмайды.
Ит — жеті қазынаның бірі.
Еңкейген ерді теппес болар.
Қане, айтсаңшы.
Алтын ерің атқа тисе, алтынын ал да, отқа жақ.
Еңбекші қатынның қолы жіп иірсе, аяғы бесік тербетеді.
Жер тоймаса, ел тоймайды.
Құл — құл емес, кім жаман туса, сол — құл.
Қыс малыңды бақ, жаз жеріңді шап.
Еріне қызы сай, жеріне елігі сай.
Жақсы ат аяғынан қалар, жақсы жігіт тамағынан қалар.
Үреген ит кісі қаппас.
Үргедек бұрын өледі.
Жалқауға сөз айтсаң, адам таппас сөз айтады.
Өзі жаманның қатыны кетеді, елі жаманның ақысы кетеді.
Жаулығы бар деп, қатын деме, жалыны бар деп, отын деме.
Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.
Наурыз тумай сүтке жарымаймыз, құда келмей дауға жарымаймыз.
Жақсыдан айтқан ғибрат өлгеніңше ұмытылмайды.
Анасы қыз болмаған, атасы жігіт болмаған...
Күлкі жасартады, қайғы қартайтады.
Өзіңді ер деп білсең, дұшпаныңды шер деп біл.
Бай баласы мақтанса, «жылқыдан жорға міндім» дейді, би баласы мақтанса, «парадан шапан кидім» дейді.
Нақақ бәле оттан ыстық.
Тумаған балаға кіндік шеше.
Түте білсең, жібектен жүн жақсы.
Дос тұтқанды қадірле.
Ақсақ қой ауыл қасында, иә, құдық басында.
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.
Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, батырмын деп баптанба, барып қайтпай.
Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың.
Еңбек асырар, жалқаулық берекені қашырар.
Балаға торғайдың көлеңкесінен суық тиеді.
Сырты жалтырауықтың іші қалтырауық.
Әркім қолында барына жомарт.
Жаманға сырыңды айтпа, сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.
Тойдан тобықтай.
Сен қылмыстық кездесуге қатыстың ба?
Ақыры байдың баласы аштан өлер.
Айтпаса, білмейсің, ашпаса, көрмейсің.
Кім бай болмайын дейді, Құдайы қаламайды.
Білім инемен құдық қазғандай.
Ақылдың өлшемі — парасат.
Тауық құсқа ұшу жоқ, там үйліге көшу жоқ.
Алғашқы сауда — сауда, кейінгі сауда — ғауға.
Сопы сұмнан шығады.
Еркекке жүрек, әйелге тірек керек.
Жуас түйеге әркім ие.
Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.
Жалаң аттың жалымен, жалаң қылыш жүзімен.
Ақбөкенді жатыр деме, көшпелі елді отыр деме.
Қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман.
Шолғыншың шалдырмаса, жауға алдырмайсың.
Тауда туған құлынның екі көзі таста болар, ашаршылықта туған баланың екі көзі аста болар.
Бос қап тік тұрмайды.
Бай болып көргенім жоқ, жарлы болып өлгенім жоқ.
Ерінбеген етікші болады.
Айырылған ел азады, қосылған ел озады.
Шайқап сөйлеме, алды-артыңды байқап сөйле.
Сөйлей білмеген жаман сөзді өзіне келтірер.
Ақылың болса, ақылға ер, ақылың болмаса, нақылға ер.
Қыдырма, қыдырмаға сыдырма.
Екі тентек елге сыймас.
Жігітке саяқ қосылады, қуға қу апақ-сапақта кез болады.
Пышағы бар сүйгенін жейді, пышағы жоқ тигенін жейді.
Жақсының сөзі ақыл шақырады, жаманның сөзі ашу шақырады.