Dataset Preview
Full Screen
The full dataset viewer is not available (click to read why). Only showing a preview of the rows.
The dataset generation failed because of a cast error
Error code:   DatasetGenerationCastError
Exception:    DatasetGenerationCastError
Message:      An error occurred while generating the dataset

All the data files must have the same columns, but at some point there are 3 new columns ({'tokenized_content', 'filename', 'content'}) and 2 missing columns ({'type', 'text'}).

This happened while the json dataset builder was generating data using

/tmp/hf-datasets-cache/medium/datasets/65303823355963-config-parquet-and-info-AdalAbilbekov-checkRV1-18dfb79e/downloads/01868b6ec9f3c905c88478842266201b623ab40f8698ea8dd31a13ff6b7893f6

Please either edit the data files to have matching columns, or separate them into different configurations (see docs at https://hf.co/docs/hub/datasets-manual-configuration#multiple-configurations)
Traceback:    Traceback (most recent call last):
                File "/src/services/worker/.venv/lib/python3.9/site-packages/datasets/builder.py", line 2011, in _prepare_split_single
                  writer.write_table(table)
                File "/src/services/worker/.venv/lib/python3.9/site-packages/datasets/arrow_writer.py", line 585, in write_table
                  pa_table = table_cast(pa_table, self._schema)
                File "/src/services/worker/.venv/lib/python3.9/site-packages/datasets/table.py", line 2302, in table_cast
                  return cast_table_to_schema(table, schema)
                File "/src/services/worker/.venv/lib/python3.9/site-packages/datasets/table.py", line 2256, in cast_table_to_schema
                  raise CastError(
              datasets.table.CastError: Couldn't cast
              tokenized_content: list<item: string>
                child 0, item: string
              filename: string
              content: string
              to
              {'type': Value(dtype='string', id=None), 'text': Value(dtype='string', id=None)}
              because column names don't match
              
              During handling of the above exception, another exception occurred:
              
              Traceback (most recent call last):
                File "/src/services/worker/src/worker/job_runners/config/parquet_and_info.py", line 1534, in compute_config_parquet_and_info_response
                  parquet_operations = convert_to_parquet(builder)
                File "/src/services/worker/src/worker/job_runners/config/parquet_and_info.py", line 1155, in convert_to_parquet
                  builder.download_and_prepare(
                File "/src/services/worker/.venv/lib/python3.9/site-packages/datasets/builder.py", line 1027, in download_and_prepare
                  self._download_and_prepare(
                File "/src/services/worker/.venv/lib/python3.9/site-packages/datasets/builder.py", line 1122, in _download_and_prepare
                  self._prepare_split(split_generator, **prepare_split_kwargs)
                File "/src/services/worker/.venv/lib/python3.9/site-packages/datasets/builder.py", line 1882, in _prepare_split
                  for job_id, done, content in self._prepare_split_single(
                File "/src/services/worker/.venv/lib/python3.9/site-packages/datasets/builder.py", line 2013, in _prepare_split_single
                  raise DatasetGenerationCastError.from_cast_error(
              datasets.exceptions.DatasetGenerationCastError: An error occurred while generating the dataset
              
              All the data files must have the same columns, but at some point there are 3 new columns ({'tokenized_content', 'filename', 'content'}) and 2 missing columns ({'type', 'text'}).
              
              This happened while the json dataset builder was generating data using
              
              /tmp/hf-datasets-cache/medium/datasets/65303823355963-config-parquet-and-info-AdalAbilbekov-checkRV1-18dfb79e/downloads/01868b6ec9f3c905c88478842266201b623ab40f8698ea8dd31a13ff6b7893f6
              
              Please either edit the data files to have matching columns, or separate them into different configurations (see docs at https://hf.co/docs/hub/datasets-manual-configuration#multiple-configurations)

Need help to make the dataset viewer work? Make sure to review how to configure the dataset viewer, and open a discussion for direct support.

type
string
text
string
string
Не үйі жоқ, не күйі жоқ. Өбекстанан бір жыл бұрын келген 1-ші топтағы мүгедек Абдужалал Нұрымбетов шиеттей бала-шағасымен қала сыртындағы біреудің бітпеген баспанасын күнелтуде. Бұған да шүкіршілік дейді отағасы. Себебі, отбасындағы 7 адаммен бірге бірнеше ай бойы ашық аспан астында шатыр тігіп күнелтіп келген. Жанұя мүшелері суық тиіп ауыра берген соң, біреудің баспанасына кірген. Дегенмен, не жарығңы, не суы жоқ бітпеген үйдің өзінен шығуға мәжбүр. Күздің қара суығында баспанасыз қалған отбасы енді тағы далада қалатын болды. Ал, кезінде көмек беруге уәде еткен атқамінерлер қанша ай бойы көмекті ауызша түрде беріп келеді дейді күйінген қандасымыз.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2hQYKAu9UyA[/youtube]
string
Жаңа қондырғы Облыстық клиника диагностикалық медицина орталығында американдық «Medica Corporation» фирмасының өңірлік дистрибьютерлері оқу-таныстыру жұмыстарын жүргізді. Негізгі мақсат – жаңа биохимикалық анализатордың артықшылықтарын облыс көлеміндегі аудандарда қызмет жасайтын дәрігерлерге үйрету. Оқу тренингіне тіпті Қырғызстан республикасынан да мамандар келген. – Біз бұл компанияның осы өңірдегі өкіліміз. Алдымен, дәрігерлерді оқыту, оның ішінде медициналық инженерлерді оқытуымыз керек. Өкінішке орай, біздің облыста бірде-бір оқу орны жоқ, медициналық инженерлерді оқытатын. Біз компанияның өз қаржысына оларды шет елге оқытамыз. Ал, бұл жолы бізге американдық мамандардың өзі келіп, жергілікті дәрігерлерді құрылғымен жұмыс жасауға үйретіп жатыр -дейді «Интертехсервис» ЖШС директоры Серік Ибадуллаев. Бұл жаңа құрылғының артықшылықтары көп. Бір сағат ішінде 150 анализдің қорытындысын бере алады. Уақыт жағынан да, сапа жағынан да өте тиімді. Әрі жұмыс істеу өте оңай. Дәрігердің уақыты да үнемделіп, нақты диагноз қоюға жақсы мүмкіндік береді. Бағасы 6 млн. 75 000 теңге. ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы тапсырыс берген бұл аппараттың әлі қай медициналық мекемеге орналастырылатыны белгісіз. Бірақ, аталған қондырғы арқылы медицинаның соңғы жетістіктеріне қол жеткізуге әбден болады.
string
Қаламызда «Жастар көзқарасы» атты қылқалам-қолөнер шеберлерінің көрмесі ашылды. Туындылар мүмкіндігі шектеулі жастардікі. 2-ші жыл ұйымдастырылып отырған көрмеге биыл 72 жас еңбегін алып келіпті. Шымкент, Түркістан қалалары мен Төлеби, Сайрам аудандарындағы зағип жандары жасаған шеберлер көрмесі 3- күн болады. Осы уақыт аралығында көрмені тамашалап, жастар еңбегін бағалап, сатып алуға мүмкіндік бар.
string
АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен өткізіліп жатқан фестиваль аясында тәуелсіз документалистер Америка қоғамы мен мәдениетінің түрлі қырларын сипаттайтын деректі фильмдерді ұсынуда. Фестивальдың құрметті қонақтары: Америкалық режиссер Александру Ротару, кино маманы Дайен Карсон. Америкалық режиссерлар мен киноматаграфия саласының білгірлері биыл Қазақстаннан бастап, Грекия, Өзбекстан,Үндістан секілді әлемнің көптеген елдерінде деректі фильм фестиваліне қатысады екен. Олар бұл туралы баспасөз мәслихатында хабарлады. Азаматтық құқықтың тапталуымен қорғалуын, сөз бостандығының жай-жапсарынан сыр шертетін бұл деректі фильмдердің біздің қалада көрсетілуінің өзі үлкен мәртебе. Алдағы күндері шетелдік киноматагрфистердің «Біз әлі осында тұрамыз»,»Өз өзіңе сен», «Камера ұстаған балалар», «Мұқабадағы қыз», «Нигер 66» секілді деректі фильмдері «Мега-Шымкент» сауда орталығының кинотеарында көрсетіледі. Оңтүстіктің киносүйер қауымына ең бірінші болып, «Мұқабадағы қыз» деректі фильмі ұсынылды. Бұл фильм күллі әлемге Ирактағы соғыстың американдықтарға қалай әсер еткенін суреттеген. Байқағанымыздай шетел фильмін тамашалауға келген көпшіліктің санында шек жоқ. Олар үшін, жат елдің туындысы таңсық әрі қызық көрінеді екен. Ал, бүгін облыстық кітапханада «Америка бұрышының» ашылу салтанаты өтпек.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=den-RzQR98I[/youtube]
string
Облыстық футбол мектебінің шәкірттері норматив тапсырып, бапкерлердің көңілінен шығуға тырысты. 250-ге жуық жеткіншек 1, 65 см-ге секіріп, уақытқа 30 метрге жүгірді. Осы сынақтың нәтижесі бойынша жас футболшылардың ептілігі анықталады. Содан кейін команда жасақталып, ал сыннан сүрінгендер қателікпен жұмыс жасайды. 250 дің барлығы дерлік нормативті тапсыра бермейтіні сөзсіз. Қуаныш Қарақұлов : «Нормативті қабылдау арқылы қай футболшымен қандай деңгейде жұмыс қажеттігін анықтауға болады. Сыннан өтпей қалғандары шығарып тастамаймыз, олармен бөлек жұмыс жүргіземіз.» Бір сағаттың ішінде жеткіншектер нормативті тапсырды. Сөйтіп, бапкерлерден жаңа тапсырма алды. Өйткені келесі сынаққа дейін олар дайын болуы тиіс. Жас футболшыфллар мұндай сынақтан жылына үш рет өтеді. Соңында келесі жылға өту үшін норматив қиындай түседі. Бұл – футбол, әр дайым іріктеу болуы тиіс дейді жаттықтырушылар. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AUavG3dpW4g[/youtube]
string
Шымкенттегі дендрологиялық саябақта ардагерлер аллеясы ұйымдастырылып отыр. Ұрпақтар сабақтастығы деп аталатын бұл ескерткіште немересін жетектеген қария бейнеленген. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді қазақ. Қариялардың өскелең ұрпақтың тәрбиесіне немкетті қарамайтындығын, ұрапқтар сабақтастығы жалғасып жатқандығын паш етуге тырыстық» дейді ардагерлер аллеясын ұйымдастырушы облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов. Ескерткішті, жалпы Ардагерлер аллеясын ашу қыркүйектің 30-ына жоспарланып отыр. Аллеяда сонымен бірге Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 20 тал отырғызылмақшы. Айта кету керек, ардагерлер арасында шахмат клубын, бильярд клубын ашқан республикадағы бірден бір Ардагерлер кеңесі Оңтүстік Қазақстан облысында
string
Дєрігерлер дабыл ќаѓуда. Ќазан айыныњ соњы мен ќараша айыныњ басында т±мау ауруы µршуі м‰мкін. Сондыќтан, алдын-ала вакцина салдыру ќажет. Б±л науќан облыс бойынша ќазан айыныњ бірінен бастап ж‰ргізілетін болады. Шымкент ќаласы бойынша «Тамифлю» деп аталатын препараттыњ 3700 дана ќоры бар. Б±л вакцинаны тегін салдыратындардыњ тізімі шектеулі. Бірінші кезекте медицина ќазметкерлері т±р. Атап айтар болсаќ, жедел жєрдемніњ фельдшер-дєрігерлері, емханалардыњ ќабылдау бµлімінде ж±мыс жасайтын мед.ќызметкерлер. Ал одан кейін созылмалы бронхит, пневмония, ж‰рек-ќан тамырлары ауруына шалдыќќан балалар мен 60 жастан жоѓары ќарттар тегін егілушілердіњ тізіміне енген. Сондай-аќ, ж‰кті єйелдер де вакцинациядан µте алады. Біраќ, ж‰ктілік мерзімі тек ІІІ-триместерден аспауы керек. – Біз ең алдымен балалардың денсаулығына алаңдап отырмыз. Себебі, көп жағдайда ӨРВИ алдын алмайтын, мән бермейтін ата-аналардың балалары ауырса, көптеген қиындықтар туындап жатады. Сондықтан, ата-аналардың құлағына алтын сырға, балаларыңызды егу шарасынан өткізіңіздер – дейді облыстық ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бастығы Балжан Исабекова. Ал ќалѓан т±рѓындар аталѓан егуді ќаладаѓы «Аќ ниет» жєне «С±њќар» жеке клиникаларында ала алады. Б±л нысандар егу шарасын ж‰ргізуге толвыќ ќ±ќылы, яѓни арнайы р±ќсаттама алѓан. Тамифлю препаратын салдыру ‰шін 2000 тењге тµлейсіз. Былтыр б±л сома 1800 ді ќ±раѓан. Биыл 200 тењгеге ќымбат келіп отыр. Себебі, препараттар Ресейден єкелінеді. Ал вакцинаны ќалалыќ 36+ жєне «Мастер фарм» дєріханаларынан сатып ала аласыз. Аурудыњ алдын алсањыз, екі аптадан кейін-аќ сізді т±маудан ќорѓайтын иммунитет пайда болмаќ.
string
Былтыр жылдың соңында Абай саябағында цирктің іргетасы қаланған болатын. Оның құрылысы жобалық сметалық құжатқа сәйкес 24 айда дайын болуы керек еді. Бірақ, құрылысшылар циркті мерзімінен бұрын, яғни биыл Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына дейін аяқталмақ. Атаулы датаға не жоғары мәртебелі меймандардың келуіне орай нысандардың құрылысын асығыстықпен аяқтау қашанға дейін созылмақ [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZUDxVAD2_R0[/youtube]
string
Нұрдаулеттің жарасы жазылуда Нұрдаулеттің жарасы жазылуда 5-жасар Нұдаулетті көршісінің иті абайсызда тістеп алыпты. Жұмыста болған анасы баланы көршісіне тастап кеткен екен. Забира баласын емханаға апарып, дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Қазір баланың жағдайы жақсы. Оған қажетті ем домның уақытты жасалғанының арқасында Нұрдаулеттің жарасы жазылуға жақын екен. Өткен жылы ит қауып қалалық Амбуллатуриялық хирургия-травматология орталығына шағымданып келген науқастардың саны 3325 болса, биыл бұл көрсеткіш көбеймесе, азаймаған дейді аталған орталықтың бас дәрігері Серік Мыңбаев. Адамдар өмірлеріне төніп тұрған қауіпті өз қолдарымен жасайды. Уақытылы үй жануарларына вакцина салдырмайды. Осының салдарынан иттері қожайындарына шауып, нәтижесінде құтырма ауруынан өмірлерімен қош айтысқандарда тіркелді. Қаламызда жақында осы мәселеге қатысты қанғыбас иттерді аулау операциясы өткізілді.
string
Шығарылған қоқыстар жұмыстың нәтижесін көрсетті Жұмыла көтерген жүк жеңіл. 24-ші қыркүйекте 50 мыңға жуық шымкенттік республикалық сенбілікке шықты. Тұрғындар таң сәріден қала көшелері мен саябақтарды, өз аулаларын тазартып, көріктендіруге көп үлес қосты. Қоқыстармен «күресуге» барлық мекемелер мен кәсіпорындар, білім ошақтары мен тұрғындар ат салысты. Ал «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің үйінді-қалдықтарды қала сыртына шығаруға жұмыс күші жетпегендіктен, өзге де жеке компаниялардың 50-ге жуық жүк тасу машиналары жұмысқа тартылды. Тұрғындар тазалық денсаулық кепілі, әрі мәдениеттіліктің белгісі. Сондықтан қаламыздың көркем, ауасының таза болуы да біздерге байланысты деп біледі. Алайда, жөн-жосықсыз қалдықтарды шашып, қоқыстарды тастап кететін адамдардың өздері. Олар өз қолдарымен жинаса, кейін қайта шашпайтынынына сенімді. Ал қала әкімінің орынбасарова Бахадыр Нарымбетов жаңадан ашылған қоқысты өңдейтін зауыт қаладан шығарылған қалдықтардың 80 пайызын өңдейтін болады деп жеткізді. Мұндай шарадан жастар да шет қалмады. Жастар денсаулық сақтау орталығының еріктілер тобы «Тазалықты сақта» атты акция ұйымдастырды. 40-қа жуық жастар қасиетті саналатын Қоштар ата өзенінің бойын қоқыстардан тазартып,бөтелкелер мен қалдықтардан арылтты.
string
Оның билегісі келеді. Бірақ Ауғанстан соғысында жауған оқтың астында емес, сүйіктісімен бірге қос аққудай шыр айналып билесем деп армандайды. Осындай қиялға берілген жігіттің асыл арманы қойылымда тек бишілердің биі арқылы келтіріледі. Алайда соғыстан аяғынан айырылып оралған 27 жасар жігіттің сүйіктісімен тек телефон арқылы ұғынысып, тіл табысуынана басқа амалы жоқ. Ал оның жағдайынан бейхабар бойжеткен де арбаға таңылған. Біріне бірі жасырынып, телефон тұтқасына серік қылғандардың ортақ тақырыбы мен іштей қиналысы бар. Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында «Іздеп таптым сені» атты мелодраманың пьесасы өтті. Пьесаның авторы Т. Миннуллин. Қоюшы режиссер Е. Уразимбетов. Режиссер тағдырлас, мұңдас екі жанның арасындағы таза, мөлдір тұнықтай сезім көрсету арқылы адамдарға ой салғысы келген.
string
Облыста жарияланған «Жолаушылар қауіпсіздігі» акциясы аяқталды. Екі аптаға созылған шара барысында ОҚО көлік бақылау инспекциясының мамандары 300 ден астам автобустардың құжаттарын және жолаушы тасымалдау жағдайын жіті тексерген. Оған қосымша өңірде заңсыз жұмыс істеген 35 автотұрақтың жартысы жабылды. Акцияның соңғы күні, яғни бүгін Темірлан елді-мекеніне қатынайтын автобустар жұмысының заңдылығы тексерілді. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CoFiTSYsgwA[/youtube]
string
22-қыркүйек – Тіл мерекесіне байланысты Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінде дөңгелек үстел болып өтті. Басқосуға Шымкенттегі өзге тілде дәріс беретін мұғалімдер мен университет ұжымы қатысып, ой бөлісті. Тілге құрмет тақырыбында өткізілген шараға қатысқан студент жастар көп тіл білудің бүгінгі заман үшін қажет екенін айтады. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері негізінен түрлі ұлттың өкілдерінен құралған. Осыған сай, мұнда ағылшын, орыс тілдерінен бастап қытай, араб тілдеріне дейін оқытылады. Ал мемлекеттік тілді құрметтеу баршамыздың міндетімізге айналған дейді оқу ордасының басшысы Әбдіжәлел Ақкөзов. Басқосуға себеп болған тақырыптың бірі – 5,7,9,10 және 11 сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығын филолог-ғалым Қалдыбек Сейдановтың таныстыруы. Тіл жанашырына Өзбекстандағы қазақ диаспорасы арнайы тапсырыс берген.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-UxTZrx-xPE[/youtube]
string
Базарда сауда жасауға да, сатып алушыға да жағдай жасалған Базарда сауда жасауға да, сатып алушыға да жағдай жасалған Шымкенттегі бұрынғы темір, құрылыс заттары базары жаңа орнын тапты. Евразия базарының жанында орналасқан бұл сауда орны аталған жерге заңсыз орналасқан деп дау туындаған. Шымкент қаласы әкімінің арнайы қаулысымен кәсіпкерлерге жаңа базар ашу үшін 4 гектар жер бөлінді. Ол 11- шағын ауданында орналасты. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vQjCJRlqwqw[/youtube]
string
Отан қорғауға аттанып, өмірімен қош айтысты. Бүгін Ақмола облысындағы Атбасар ауданына Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып, күзетте тұрған кезінде қолындағы қарудан қаза тапқан жерлесіміздің денесі үйіне әкелінді. Осыдан екі күн бұрын болған қайғылы жәйтке шейіт болған сарбаздың ата-анасы әскерилерді кінәләйді. Үйдің тұңғышы марқұм Атхам Бекболатов небәрі 23 жаста болатын. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Or_rsRdrtiE[/youtube]
string
Ұзақ уақыт бойы қордаланған келеңсіздіктертің беті ашылды. Шымкент қалалық әділет басқармасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінде 65 нысанды заңсыз тіркеп, қалалық әділет басқармасының жалған мөрін пайдаланған алаяқтар тобы анықталды. Олар қарапайым азаматтармен жалған құжат арқылы жұмыс жасаған. Топ құрамында Шымкент қалалық әділет басқармасының – 2, халыққа қызмет көрсету орталығының – 2 қызметкері болған. Оларға аңқау азаматтарды тауып беріп, жалған құжат жасауға көмектескен делдалдар да бар. Бұл туралы ОҚО Әділет департаментінің бастығы Ерлан Дауылбаев мәлім етті. Айта өтейік, үстіміздегі жылдың 27-тамызында қалалық әділет басқармасында жалған құжаттар жасау фактісі анықталып, осы жайтке байланысты ОҚО әділет департаментінің тарапынан қыркүйек айында тексеру жүргізілген. Бұл іс бойынша қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын дүргізуде. Ал алаяқтардың торына түскендердің қолында жылжымайтын мүлікке қатысты шешімдері болғанымен, ол әділет департаментінде тіркелмеген. Тіпті кейбір нысандар құжат жүзінде болғанымен, өмірде жоқ боп шыққан. Ерлан Дауылбаевтың айтуынша, алаяқтық жасаған қызметкерлер бүгінде жұмыстарынан уақытша шеттетілген. Әлі тексеру жұмыстары жүргізілуде. Алаяқтардың қатары әлі өсуі мүмкін. Сондықтан Әділет департаментіндегілер зардап шеккен азаматтар болса, тіркелген мүлігінің құжатына күман келтірген жағдай болса, облыстық Әділет департаментіне хабарласуын сұрайды.
string
Әкім жұмысы халық назарында Әкім жұмысы халық назарында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың облыстық мәслихат депутаттары алдындағы есебіне оң баға берілді. Есеп әкімнің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы жайлы болды. Бұл жетістікке ол – атқарушы және өкілетті органдардың бір командада үйлесімді жұмыс жасау арқасында қол жеткізілді. Асқар Мырзахметов бұл ретте депуттарға алғысын білдірді. Бүгін өткен облыстық мәслихаттың 44-ші сессиясына ұсынылған өзге де 16 мәселе тұрақты комиссиялардың отырыстарында жіті қаралған болатын. Сондықтан шешімдер бірден бекітілді. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Dmy3mo6IQ-c[/youtube]
string
Астана қаласындағы әскери бөлімшелердің бірінде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздың денесі бүгін туған жері Шыкментке жеткізілді. Бұл қайғылы жағдай қалай болғанын әзірге марқұмның туған-туыстары да нақ басып айта алмауда. Әскерилердің де мұндай жағдайда айтатыны көп ретте «өз-өзіне қол жұмсады» деп құтылу болатыны да белгілі. Қазір мәселенің мән-жайын «Отырар» телеарнасының тілшілері аныктау үстінде
string
Арзан көмірдің сапасы сын көтермейді Шымкентке әлеуметтік тұрмыстары төмен отбасыларына деп арналған 4 вагон яғни, 276 тонна қатты отын жеткізілді.Өкінішке орай, оның сапасы сын көтермейді .Бұған қарамастан 4500 тенгелік қысқы отын бір күнде сатылыпты . Бұған дейінгі 1383 тона көмірд і» Сәт көмір» ЖШС- гі әкелген болатын.Алайда ,оның сапасына шағым көптеп түсіп мердігер мекемемен келісім шарт бұзылды .Бір қызығы жаңа мердігер «Темір Азия сервис» ЖШС- нің жеткізген қатты отыны да оңып тұрған жоқ .Оның үстіне, бірден 9 вагон қабылдауға мүмкіндігі бар темір желісіне вагонды үсақтап әкеліп онын алушылардың да, оны таратушылардың да зығырданын қайнатып бітіпті . Ал қыстың қамын күйттеген қалалықтардың арасында отын алам деушілердің саны артпаса кеміген жоқ .[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=v7KyYBuGu2M[/youtube]
string
Барлығы аңдулы, бақылауда тұрады деп жақтырмағанын білдірушілер де бар Шымкенттегі №2 перзентхана тәулік бойы бейнебақылауда болады. Қойылған құрылғыға медицина қызметкерлері қуана қоймағады. Дегенмен, бұл еріккеннің ермегі емес. Алматыда жақында перзентханадан жаңа туылған бала ұрланып оны сатып жіберу оқиғасы да орын алған болатын. Осындай жайт бізде де болмас үшін бейнекамера қойылып жатқанға ұқсайды. Қазір мекемеге 12 камера қойылыпты. Мұндай бақылау бюджетке 500 мың теңгеге түсіпті.
string
Нұрсұлтан анасымен кездесті Нұрсұлтан анасымен қауышты. Осыдан бір ай бұрын тәртіп сақшылары 16 жасар жеткіншекті Тұлпар су қоймасының маңайында тауып, оны балаларды бейімдеу орталығына алып келген болатын. Алайда, жеткіншек бұл жерден қашып кетіп, он күн өте қайта табылып отыр. Бүгін ол анасымен кездесті. Күміскүл апайдың қуанышында шек жоқ. Ол жалғыз ұлын бір айдан кейін ғана бауырына басып отыр. 16 жасар Нұрсұлтан үйінен қашып кетіп, осы уақыт бойы қала кезіп, адасып жүргенді. Нұрсұлтанның суретін оның нағашылары «Оңтүстік рабат» газетінен көріп, байланысқа шыққан. Осыдан 10 күн алдын Нұрсұлтан бейімдеу орталығынан да қашып кеткен болатын. Аяғынан тозып, іздеуге шыққан орталық қызхметкерлері жеткіншекті бұл жолы Самал базарының маңайынан тапқан. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=URs-lLSh-vk[/youtube]
string
Шымкенттіктер алда Қанат Мұсатаевтың шәкірттері қарсылас қақпасына 6 гол соқты. «Спартак» командасы бірінші лиганың турнирлік кестесінің төменгі сатысына орналасқан. Содан да болар,қыранның ойыншылары кезектесіп, қақпаны өзіне бағындырды. Қанат Мұсатаев: «Бұл ойынға дейін екібастұздық командамен кездесіп, жеңілген едік. Ойыннан кейін команданы жинап алып, сөйлестім.Кейбір ойыншыларды ауыстырдым. нәтижесі шықты. Жеңдік.» Таблодағы есеп 6-1, қыранның ойыншылары бапкер үмітін ақтап, уәдесін орындады деуге де болады. Бүгінде шымкентт тірнирлік кестенің 10-шы орнына тұрақтаған, ал келесі ойын астананың командасымен шет алаңда өтеді.
string
Көпір құрылысы Сайрам ауданындағы Ақсукент пен Әйтеке би ауылын жалғастыратын бұрынғы көпірдің тозығы жетіп, тұрғындардың бір-біріне қатынауы қиынға түсіп жүр еді. Ескі көпірден автокөлік түгілі жүргіншінің емін-еркін өтуі мұңға айналған-ды. Ескінің аты – ескі, ілдебайлап әзер тұрған көпір нөсерлі жауыннан кейін көлік өткізуге жарамай қалды. Ал адамдар одан қорқа-қорқа әупірімдеп өтетін. Қазір осы істі жауапкершілігіне алған серіктестік ұжымы ұзындығы 36 метр келетін көпірдің құрылысын салуға қызу кірісіп кетті. Ресейден сатып алынған көпірдің жабдығы 48 миллион теңге тұрады, бұл қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. 150 бөліктен тұратын көпірдің жабдығы ғасырлар бойы шыдас береді екен. Мамандар осылай деп отыр. Әйтеуір, қос ауылды жалғастыратын көпірдің халыққа қызмет ететін күні жақын қалды. Тұрғындар мен жолаушылар бір серпіліп қалатын болды бұған. Құрылысшылардың бұл игі тірлігі айтулы мереке – тәуелсіздік тойына ұялмай ұсынатын сый болғалы тұр.
string
Жағымды жобалар жанға жақты 2010-2014 жылдар аралығында еліміздің фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында инвестицияларды тарту және инновациялық технологияларды енгізу жүзеге аспақ. Бұл туралы қаламыздағы «Химфарм» акционерлік қоғамында өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды. Пікірталасқа қазақстандық фармацевтикалық өнеркәсіптің басшылары мен осы саланың дамуына жауапты мемлекеттік ұйымдардың уәкілдері қатысты. Қазақ фармацевтикасының даму жолын жүзеге асыруды «Самұрқ Қазына» жасаса, «СК Фармация» мемлекеттік холдинг саланың ішкі жағдайын толығымен бақылап қана қоймай, шетелдік инвесторлардың назарын аудартумен қамтамасыз етпек. «СК Фармация» холдингінің бас директоры Сыздық Баймұқанов: » Дамыған отандық фармация- бұл ұлттық қауіпсіздіктің маңызды элементтерінің бірі болып келеді. Біз елімізді дәрі өндіруден, ғаламдық экспорттаушы аймақтық көшбасылардың бірі етуге тырысамыз. Фармацевтикалық өнеркәсіп жұмыс орындарын және бюджетке түсімдерді арттырады. Сондай-ақ, жергілікті өндіріс дәрілері көпшілікке қол жетімді болмақ»-дейді. Отандық дәрілердің бөлшек саудадағы бағалары шетелдіктерден әлдеқайда төмен болады. Ал ол қарапайым тұрғындарға өте пайдалы.Төмен баға арқасында, мемлекеттің сатып алатын дәрілердің мөлшерін үлкейтуга және көп мөлшерде тұрғындарға, сонымен бірге медициналық мекемелерге таратуға мүмкіндік туады. «Химфарм» АҚ 60 пайыздық акциясын поляк алыбы «Польфарма» сатып алған болатын. Европалық фармаөндірісінің көшбасшыларының бірі өз шешімін саланың дамуының алғашқы нәтижесі деп түсіндірді. Қазақстандық фармацияның еуразиялық аймақта жетекеші дәрілер жеткізуші болуға мүмкіндігі бар екен. Бұл туралы «Химфарм» АҚ-ның жаңа бас директоры Влодимир Грыглевич жиналған көпшілікті хабардар етті. Дөңгелек үстел мәжілісінің қорытындысы бойынша, қатысушылар «Химфарм» АҚ отандық дәрілер өндірісін дамытуға мемлекеттің үлесін айқын көрсетпек деген ойға келді. Кәсіпорын басшылары да, мемлекеттік төрелер де 2014 жылға қарай бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде дәрі шығару саласының көшбасшысы болуға және дамыған фармацевтикалық өндірісі бар елдердің бірі болатынына сенім білдірді.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=saH5a_3Y6Tg[/youtube]
string
Шөліркеген көк желкен Шымкент дендропаркі үш аптадан бері сусыз отыр. Бадам су қоймасында жөндеужұмыстары жүргізілуіне байланысты екі-үш айға дейін жасыл желекке су беру қиындап тұр. Бұл мәселенің шешімі – «Тоғыс» су қоймасынан су әкелу болатын. Бірақ бұл да оңайға соқпай отыр. Бар-жоғы секундына 100 литр көлемде келіп жатқан ағын суды жол-жөнекей диқандар егістікке бұрып алумен әуре. Ал «Оңтүстік су шаруашылығы» мекемесіндегілер бұл мәселеге қатысты ақпарат беруге құлықсыз болып отыр. Кім біледі, қашқақтайтын себептері көп шығар?!
string
Қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыт Шымкент қаласынан Ташкент бағытына қарай 15 шақырым қашықтықта салынады. Ол үшін арнайы 40 гектар жер телімі бөлінген. Ресейлік техналогиямен салынатын бұл зауыт республикамызда Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші зауыт болмақ. Тек бұл зауыттың ерекшелігі қоқыс қалдықтары жиналатын полигон да оны өңдейтін зауыт та бір жерде болады. Жылына 200 мың тона қоқыс өңдейді. Алғашқы жоспар бойынша полигонға әкелінген қоқыс қалдықтарының 30-40 пайызы іріктелініп алынып өңделеді де өзгесі көміледі. Болашақта өңдеу көлемі 80 пайызға дейін көтерілетін болады. Зауыттың қуаттылығы 20 жылға есептелген Зауыттың жобалық құны 1 млярд 600 млн. теңгені құрайды. Қаржылай қолдауды «Цеснабанкі» көрсетіп отыр. Ал жергілікті бюджет өндіріс орынының инфрақұрылымына 430 млн. теңге бөлді. Бүгінде соның алғашқы 20 млн. теңгесі құрылысшылардың қолына тиді. Мердігер «Мастер» ЖШС-і зауыт құрылысын келесі жылдың тамыз айында аяқтамақ. Бүгін басталған зауыттың құрылысы аяқталып қолданысқа берілмей, қала тұрғындарынан шықан тұрмыстық қалдықтар ескі полигонға тасталады. «Осы ескі қоқыс алаңындағы 30 гектар жерге жасалатын рекультивация жұмысына ол ешқандай кедергі келтірмейді»,- дейді жергілікті билік өкілдері. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=A5aigfnQ4vI[/youtube]
string
Жыл сайын Шымкентте мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 100 мыңдаған қаржы бөлінеді. Алайда кейбір білім ордаларында жүргізілген күрделі жөндеу жұмысының нәтижесіне қарап соншама қаржыға жүргізілген деп айтуға келмейді. Қырық жылдық тарихы бар №26 мектеп алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс білім ошақтарының тізіміне әрең ілінген болатын. Құрылысшылар ғимараттың бір бөлігінде тек терезелер мен есіктерді алмастырған. Ал сыныптардың ішін тек әрлеп-сырлағаны болмаса, толықтай жөндеуді ұмыт қалдырған секілді. №4 мектептің де жағдайы дәл осындай. Күрделі жөндеуден ғимараттың тек жоғарғы бөлігі ғана өткен. Мектеп басшылығы жаңаланған шатырдан алдағы уақытта жауын-шашан өтпейді деп сендіруде. Білім ордасының тек бір бөлігінде ғана ескі еден мен терезе алмастырылыпты. Ал биыл ғана жөндеу жүргізілген №7 мектепте су мен кәріз жүйесі, шеберхана жоқ. Айтпақшы, күрделі жөндеуге бөлінген 58 млн. теңгенің тек 50 млн-ы құрылысшылардың еңбегіне жаратылыпты, ал қалған қаржының қашан бөлінетіні әзірге белгісіз.
string
Үш бірдей қуаныш. Мұндай хабарды естіген Рашида Сүгірова мқұны дәрігерлердің қалжыңы деп ұғыпты. Сене алмаған ол дәрігерлер тек үш бірдей сәбиін қолына ұстатқан кезде көз жеткізген. Енді ол 6 баланың анасы. Өйткені оны үйде екі қызы мен ұлы күтіп отыр. Бірден үш баланың әкесі атанған Бахыт Сүгіровтің де қуанышы шексіз. Ол екі ұлының болғанын армандаған екен. Бірақ қос қуаныш қатарына келіп, бірден екі қыз бен ұлды болды. Қазір үш нәресте медбикелердің қарауында. Әр сәбидің салмағы 2 кг-нан артық. Қазақстанда үшемнің туылуы сирек кездесетін жағдай. Бұл дегеніміз тек 5 мың туылу кезінде ілуде біреу-ақ болатын құбылыс. Бұл түні тағы да бір үшем дүние есігін ашты. Азизхан Бухашев бір емес, үш қыздың әкесі атанды. Дүние есігін енді ашқан сәбилерге азан шақырылып, ат та қойылыпты: Айсель, Нурсель, Жансай. Әзірге, оларды тіпті ата-аналары да ажырата алмауда. Жас аналардың көмекшілері жетерлік, сондықтан оларға медбикелер мен дәрігерлер көмектерін аямауда. Ал үйде немерелерін күткен аталар мен әжелер эстафетаға дайындалуда.
string
Дәрігерлер көмегін аямауда Олар қолдарынан келгенінің бәрін істегенін айтады Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны 3 жасар Ердос 1,5 ай бұрын комаға түскен болатын. Бұған бүлдіршіннің туыстары дәрігерлерді кінәләп отыр. «16 тамызда оқиға орын алғаннан кейін баламызды облыстық балалар ауруханасына жаткіздік. Сол кезде оған операция жасалды. Бірақ, біздің қолымызға ота он жетісі күні жасалды деп жасылған қағазды берді», – дейді Ердостың әпкесі Гүлшат Мамбеталиева. Баланың ата-анасы дәрігерлердің Ердосқа жеткілікті дәрежеде қарап жатпағанын айтады. Олар тіпті облыстық денсаулық сақтау департаментіне де хабарласқан. Ал дәрігерлер қолынан келгенін жасаудамыз деп Ердостың ауруының тарихын көрсетті. «Бала бізге өте ауыр халде жеткізілді. Бас сүйегі жарақаттанған, оның үстіне басына сұйықтық жинала бастады. Сондықтан балаға ота жасаймыз деп шештік. Ауруханада болған уақыт аралығында оны 2 рет МРТ түсірдік. Электрондық сайт арқылы республикалық нейрохирургия орталығынан кеңес алдық. Сағат сайын бүлдіршінді бақылап отырмыз. Мұны ата-ананың өзі де біледі. Қазір бір-бірімізді қаралай бергенше баланың есін жиуына әрекет жасайық», – дейді дәрігер Алма Біләлова. Әзірге мамандар баланың денсаулығы жайлы ешқандай болжамдар айтқан жоқ. «Егер Ердосымыздан айрылып қалатын болсақ, аурухананың бас дәрігерін сотқа береміз», – Гүлшат Мамбеталиева дейді.
string
Жылу қарызын тезірек төлеуді "3-Энергоорталық" маманы талап етуде Қыркүйектің 12-нен бастап жылудың қарызын төлемеген шымкенттік тұрғындарға ескерту айлығы басталған болатын. Қазір «3-Энергоорталықтың» мамандары сот орындаушыларымен бірге пәтерлерді аралап, қарызданған тұтынушылардың мүлкін тәркілеуді бастады. Жылуберушілер төленбей жүрген 737,3 млн. теңгені осылайша өндіріп алмақ. Асқар Шипеков, «3-Энергоорталық» АҚ-ның сатып өткізу бөлімінің бастығы: Шымкенттегі Абай, әл-Фараби және Еңбекші аудандары бойынша, жылу қарызын төлемеген 2446 пәтерге сот шешімі шықты. Төленбеген жалпы соманың 644,1 млн. теңгесін жеке тұлғалар құрайды. Жылуға заңды тұлғалардың қарызы 93 млн. теңгеден асып отыр. Рейдтік шаралар барысында соторындаушылары мен жылуберуші мамандар түрлі қиындықтарға тап болды. Мамандар рейд барысында аралаған бірнеше үйдің егелері «Қарызымды төлемеймінге» басты. Мәселен, «Күншығыс» шағынауданындағы №32 үйдің 3-пәтер тұрғыны жылудың қарызын өтемейтінін айтқанымен қоймай, бөлмесінен шықпай, мамандардың жұмысына кедергі келтірді. Шерім Уақов, үй иесі: «Пәтерімде ешқашан жылу болған емес. Тіпті, қысты күні аяқ-қолымыз бір жылынбай-ақ қойды. Сонда менен 178 теңгені не үшін төлеуім керек?!» Мамандар әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың жылуға қарызын олардың айлық жалақысы мен зейнетақысының есеп-шоттарын тұтқынға алу арқылы өндіреміз дейді. Қазір соторындаушыларының көмегімен жылуға қарыз азаматтардан 54 млн. теңге қайтарылған. Бұл 1100 тұтынушының төлемақысы. Мұхтар Байысбеков, Еңбекші аумақтық соторындаушылары бөлімінің маманы: «Пәтер тұрғындарына ауызша түсіндіріп айтамыз. Жылу қарызын төлемеймін дегендерінің мүлкін тәркілеп жатырмыз. Он күндей мұрсат беріледі, онда да жылу қарызын төлемесе тәркіленген мүлікті саудаға шығаруға мәжбүрміз. Егер, қарызын қасақана төлемесе, әкімшілік жаза қолданылады». Рейдтік іс-шара қазан айының 12-сіне дейін жалғасады.
string
гол соғылар емес Демалыс күні Шымкенттік Ордабасы Ертіспен кездескен болатын. Оңтүстік құрамасына бесінші орынға көтерілу мұйырмас. Өйткені, бұл күні футболшылардың көрсеткен ойынына жиналған мыңдаған жанкүйер түсінбей дал болды. Жіберілген қателіктердің себебінен қақпаға доп соғылмады, ал жерлестеріміздің уақыт созбақ болып, жаяу жүргенін көргенде футбол сүйер қауымның айтар сөзі қалмады. Есеп өзгермеді. Қос команда да гол соғуға асықпады. Ал жасаған шабуылдары сәтсіз аяқталды. Бір жеті алдын астаналықтармен кездесуде ордабасының ойынына тәнті болған футбол сүйер қауым бұл жолы да осыны күткен еді. Алайда, Ертістің қақпасына гол соғу ордабасылықтарға бұйырмапты.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=82-2iZhiG2A[/youtube]
string
"Меганың" туылған күнін тойлауға әсіресе жастар жағы көп жиналған. Шымкенттегі «Мегаорталық» сауда-саттық орталығының ашылғанына 4 жыл. Сауда орнының туылған күнінде облыс орталығының тұрғындары зор қуанышқа бөленіп, түрлі сый сияпатқа ие болды. Мұз сырғанағы, «Бэйбилон» балалар аттракциондарымен қоса, түрлі сауда нүктелерімен шымқалалықтардың сүйікті орнына айналған «Мегаорталыққа» мереке күні келген сатып алушылардың ешқайсы құр алақан қайтқан жоқ. «Рамстордан» ұтыс ойындарымен азық-түлік кәрзеңкелерін жеңіп алса, орталық маңындағы мерекелік шоуға жиналғандар тәтті торттар және теледидар секілді қомақты сыйға қарқ боп қайтты. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KV-j2yAQVDs[/youtube]
string
Оның ән әлеміндегі аяқ алысы өзгеше болатын. Жүректен жарып шыққан,нәзік үмітке қанат бітіріп, көкке әуелеген әсем әуендері тыңдаушысын баура п, әннің құдіретіне еріксіз бас игізетін. Бірде сезімнің сырын шертсе, енді бірде табиғатпен тілдесіп, тіпті делебеңді қоздырып, «Алға қазақ жігіттері!» деп патриоттық рухқа шақырып, көңіл көкжиегін кеңейтетін әуезді әндері арқылы қолтаңбасы қалыптасқан әнші-композитор Ержан Серікбаев мезгілсіз дүниеден өтті. Марқұмды ақтық сапарға 27-ші қыркүйек күні Арыс қаласында өз үйінен шығарып салады.
string
Облысымыздағы бәсекелес қорлардың арасында жақсы жабдықталған, техникалық базасы мықты қорлардың бірі -Халық банкінің Зейнетақы қоры. Өңір тұрғындарына 1998 жылдан бастап қызмет көрсететін қордың бүгінгі таңда 250 мыңға тарта салымшысы бар. Өз салымшыларының қамын ойлай отырып, барлық жағдайды жасайтын ұжым тұтынушыларының арасында Волейбол ойынынан үлкен жарыс өткізді. Алаңда халықтық зейнетақы қорының белсенді салымшыларына тұратын облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері өзара бақ сынасты. Екі күнге созылған тартысты волейбол жарысы барысында ерлер мен қатар әйелдерде үздік ойын өрнегін көрсетті. Салауатты өмір салтын насихаттап, салымшыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қор ұжымы, жарыс нәтижесінде үздік деп танылған ойыншылар мен қатар ең үздік салымшысын да марапаттады. Ол бақандай он жылдан бері халық банкінің зейнетақы қорына болашағының кілтін сеніп тапсырған – Асқар Байысбаев. Сонымен, Халықтық қордың бас жүлдесіне Ішкі істер департаментінің патрульдік полиция басқармасының командасы ие болса, қыздар арасында полицейлердің қаржы бөліміне бұйырды. Қос жеңімпаз командаға банк ұжымының атынан теледидарлар сыйға тартылды. Жүлделі 2,3-орын алған командаларға да медаль, диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды. Облысымыздың бас полицейі өз кезегінде халық банкінің зейнетақы қорының ұжымына алғысын білдіре отырып, естелік сыйлық тапсырды. Осылайша, салымшыларын бір серпілткен жарыс зейнетакы қордын беделін бір марқайтты.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7BwdBM0cki4[/youtube]
string
Камаздар Астанаға аттанды Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерей тойы қарсаңында облыстың 15 ауданынан Елордаға азық-түлік тиелген арнайы керуен жіберілді. Картоп, қызанақ, қиярдан бастап күріш, пияз, үндік етіне дейін 40 түрлі өнім артылған 20 жүк көлігі, яғни 250 тонна жергілікті тауарларымыз Есілдің сол жағалауына жөнелтілді. Қыркүйектің 28-29 жұлдызында Елордада болатын «Астанадағы оңтүстіктің күндері» атты жәрмеңкеде жерлестеріміз ондағы құннан 20-30 пайыз төмен бағамен 40 түрлі азық-түлік өнімдерін саудалап қайтпақшы. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Қанатбек Оспанбековтың сөзінше, еліміздің өзге аймақтарына бұлайша азық-түлік өнімдерін аттандыру алғаш рет емес. Бұған дейін де, Алматыға екі рет, наурызда және қыркүйекте осы сынды тауарларды жіберген болатынбыз дейді. Ал Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тойына Оңтүстіктің ықыласын осылайша білдіргіміз келеді дегенді айтады басқарма басшысы. Бұл Астанаға тартылған екінші сыйымыз екен. Біріншісі, Тәуелсіздіктің 10 жылдығында жіберілген болатын. Айта өткен жөн, отандық тауарлар құрамында қол өнерінен шыққан қазақша киімдер де бар. Жергілікті кәсіпкерлер Астанадағы жәрмеңкеде төл туындыларымызды да көрсетіп, саудаласақ деген ойда. Оған қоса, керуен құрамымен «Оңтүстікқұс» ЖШС-нің үндік еті жіберілді. Қ.Оспанбеков осы жол Астанадан үндік еті сатылатын дүкен ашылатынынан да хабардар етті.
string
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=drjxdQaxbOg[/youtube]Шымкентте жер телімін алу үшін кезекке тұрғандардың саны 60 мыңға жеткен. Олардың барлығының өтінішін қанағаттандандыру әзірге мүмкін еместігі айдан ақнық. Дегенмен бұл ретте әрбір арызданушының шағымы міндетті түрде қаралып, оған жауап берілуі тиіс. Бұл алып-қашпа әңгімелерді тыюдың бірден- бір жолы.. Кезінде тұрғын үй саламын деп алынған телімдер өз мақсатымен пайдаланылмаса, онда мемлекет меншігіне қайтарылады.Оңды-солды жерді үлестіруге тосқауыл қою мақсатында НұрОтандықтар жер қатынастары басқармасы бастығының есебін тыңдады.
string
Облысымызда өңіріміздің жастарынан құралған фестиваль – керуені өтуде. «Менің Қазақстаным – менің болашағым!» атты бұл іс-шара патриоттық тәрбие беру мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Облысымызда 384 ҰОС-ның ардагері бар. Арыс Ауылдарда осындай қарттарға қолғабыс көрсететін «Мейірім» топтары құрылмақ. Ілгері уақыттағы тимуршылар командасын елестететіні бар. Бейбіт заманның жастары осы күнге жеткізген ата-бабасының ерлігін ешқашан ұмытпайды. Оларға әрдайым қолғабыс көрсетуді кейінгі ұрпақ парызы санайды. Жастардың алғашқы сапарының бағыты ҰОС-ы ардагерлерінің үйінен басталды. Аудандарымыздың барлығын қамтитын фестиваль керуен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында болашақта елге қорған болатын жас азаматтарды әскери өмірдің тынысымен таныстырды. Әрі «Мәдени мұра халық игілігі» деп Оңтүстік Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын жастар арасында насихаттады Ұйымдастырушылар мұны бір мезгілдік іс-шара болып қалмай оның жалғасын табуына ықпал жасамақ. Ал керуен өзге аудан орталықтарында болып 28 ші қыркүйекте Шымкентке келеді.
string
Қызылжар ауылы, Қарасу участогының тұрғындары ағын судың шапағатын емес, залалын тартып отыр. 24 отбасылы ауылдың жанынан ағып өтетін «Қарасу» каналындағы су биылдан бастап сасып, тұрғындардың мазасын кетіруде. Қаншама жылдан бері қажетке жарап келген ағын судың бүгінде ауыл адамдары пайдаланбақ түгілі сасық исіне шыдау мүмкін емес дейді. Өйткені осыдан 2-3 жыл бұрын балалар шомылып, адамдар малдарын суарса, бүгінде каналдың іші қоқысқа толып кеткен. Балаларының денсаулығына алаңдаған ата-аналар әсіресі дүйсенбі күндері сағат 10 10.30-дар шамасында судың сасық исі ауаны жайлап алатынын айтады. Ауыл тұрғындары Коммунизм ауылындағы зират жақтан бастау алатын канал ауыл ішінен өтіп, «Бекжан» базарының жанынан ағады дейді. Сондықтан оған жол-жөнекей адамдар қоқыстар тастап, сарқын су төккендерін көргендер де бар. Ал бағбандар канал суын көкөніске пайдаланудан қорқады. Ал Абай аудандық санитарлық қадағалау департаментінің мамандары бұл жайдан хабарсыз болып шықты. Олар енді арнайы комиссия құрып, тексеру жұмыстарын жүргізбек.
string
Шымкентте 8 -қыркүйек күні белсенді жастардың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке 100 күн -100 игі іс» атты акция басталды. Мерейлі Тәуелсіздік күніне 100 күн қалуына орай ашылған марафонға бүкіл студенттер мен жастар, оқытушылар құрамы қатысуда. Сондықтан 16 желтоқсанға дейін түрлі сенбіліктер мен акциялар, конференциялар өткізіледі. Студенттер пікір-сайыс сабақтар мен спорттық спартакиадаларға, өнер байқауларында бақ сынайтын болады. Алғаш рет өткізіліп отырған шара арқылы жастар еліміздің ертеңіне бей-жай қарамайтындығымыз бен Қазақстанның патриот ұл-қыздары екендігімізді дәлелдегіміз келді дейді. Бұл күн ерекше есте қалсын әрі әрбір студент әр күнін тек пайдалы іске жұмсасын деген оймен Тәуелсіздік күнін атап өтетін күнді кері қарай санайтын күнтізбе орналастырылды. Акция 16 желтоқсан күні қорытындыланады.
string
Шымкентте мемлекет меншігіне қайтарылған №25 «Қарақат» бөбекжай балабақшасы пайдалануға берілді. Бақшада әзірге 280 бала 33 тәрбиеші мен мұғалімнің қарамағында тәлім алуда. Қаламызда жалпы 56 мемлекеттік, 48 жеке меншіктегі балабақша бар. Қыркүйек айында 6 жаңа балабақшаны пайлануға беру жоспарлаған болатын. Демек кезекте тұрған бала саны да сәйкесінше азаяды. Ал бүгінгі жаңа балабақшаның пайдалануға беруінің нәтижесінде қаншама ата-ана жұмысқа шығатын болды. http://www.youtube.com/user/tvotyrar#p/a/u/2/FlOh44K5nf0
string
Александра Подрядоваға Оңтүстік өңірі үлкен үміт артып отыр. Олимпиада ойындарына жолдаманы осы бойжеткен жеңіп алуы тиіс деп сенеді. Францияда өткен Әлем чемпионатында Сашаның жолы болмады. Бүгінде қателіктермен жұмыс жасап отыр. Александра Подрядова: «Жапондық бұл қарсыласыммен осымен үшінші рет кездесіп отырмын. Ыңғайсыз палуан. Өткенде мен жеңсем, бұл жолы ол басым болды». Дзюдодан еліміздің әйелдер құрамасы шымкентте оқу жаттығу жиынын өткізуде. Олардың арасында оңтүстіктің үш палуаны бар. Бойжеткендеріміздің дайындығы күшейтілген. Өйткені алда Өзбекстанда өтетін Әлем чемпионаты күтіп тұр. Бұл жолы да олимпиада ойындарына жолдама ойнатылады. Бапкерлердің әйелдер құрамасына үміті зор. Олимпиадаға жолдама жеңсе, содан кейін дүбірлі сайыстың медлін де еншілеп қайтар деген жоспар бар. Ал оған дейін бойжеткендеріміз оқу жаттығу жиынында шеберлігін шыңдауда.
string
Шымкент қаласының 2011 жылғы бюджетінен жалпы білім қорына 142 млн. 576 мың теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржының 39 млн. теңгесіне 4000 мыңға жуық мұқтаж балаларға мектепке киім кешек әперіліп 1324 бала 28 млн. теңгеге жазғы демалыстарын лагерлерде қызықты өткізуге мүмкіндік алды . Мұнымен шектелмеген жергілікті билік әлеуметік тұрмысы төмен аз қамтылған отбасыларынан 3672 оқушыға мектеп асханаларында ыстық тамақпен қамтамасыз етуде. Бұл іс шараға мектеп асханаларын жалға алушылар да қосылып өз қамқорлықтарына 10-15 баладан алып отыр. Санитар дәрігерлер бұл қамқорлық балғындардың денсаулығын жақсартуда үлкен рөл атқарады дейді . Қала мектептеріндегі асханаларда бір бала тойып тамақ ішу үшін 120 – 140 теңге аралығында төлейді екен. Оқушыларды тамақтандыруды қолға алғандардың мәлімдеуінше бұл баға өткен жылғымен салыстырғанда 5-10 теңгеге өскен. «Азық-түлік бағасының қымбаттауынан болып отырған жәйт бұл» дейді кәсіпкерлер.
string
қаладағы қоғамдық көліктер Қалалық мәслихаттың кезекті 55 сесиясының алдында өтетін тұрақты комиссияның отырысында халық қалаулылыры қоғамдық көліктердеге жол ақысын бірден 50 тенгеге көтеруге келісімдерін берді. Бұған дейін Шымкентік жолаушылар автобустарда 35, шағын автобустарға 40 тенге төлеп келген.Жанар жағар май , қосалқы бөлшек құнының өскендігін алға тартып жол ақысын көтеру туралы ұсынысты «Южавтотранспорт» қауымдастығы осыдан бірнеше ай бұрын берген болатын. Тек облыс әкімі Асқар Мырзахметов қоғамдық көліктердегі көрсетілетін қызметтің сапасын көтермей және ондағы кемшіліктерді жоймай бағаны көтеру орынсыз деп айтқан болатын . Себебі қаладағы автобустар мен саны көп көлік компанияларының бәрі жеке меншік техникалары ескірген, санитарлық талаптарға сай келмейді . Айтқандарынан қайтпай айқайлай берген көлік компаниялары бірнеше жерде қоғамдық тыңдау өткізді, Қала халқының бір бөлігі бағаның өскеніне үзілді- кесілді қарсы болса, енді бір бөлігі көрсетілетін қызыметтің сапасы жақсарса бағаны көтеруге болады деген сыңай да танытты. Нәтежесінде қалалық мәслихат депутатары да жол ақысын өсіруге келісімдерін берді .Бұдан бөлек бюджеттен 600 млн тенге датация беру жолдары қарастырылуда. Қаражат бөлінген жағдайда қаладағы барлық студентер, отбасындағы әлеуметік жағдайларына қарамастан 50 пайыздық жеңілдікпен қатынайды .Ал қалалық мәслихат 3 жыл бойы бағаны қайта қарамайды.Ол дегеніміз Шымкент қаласындағы жолаушылар тасымалдау қызыметіндегі баға үш жыл көлемінде өзгермейді .[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9wHXLFtgyQU[/youtube]
string
Қаза болған келіншекке оқ атқан заңгер мамандығын игеріп жатқан 16 жастағы бозбала екен. Айғақ ретінде одан «Стражник»тапаншасын алған. Естеріңізге сала кетейік, 13- қыркүйек күні травматикалық тапаншадан 29 жастағы келіншек қаза тапқан болатын. Сол кезде оның қасында болған 5 жасар ұлы аман-есен.Оқиға Түркістан көшесіндегі бір үйдің ауласында орын алған. Кешкі сағат 20-00 дер шамасында бірнеше колледждердің студері арасында қақтығыс болыпты.Осы уақытта маңынан өтіп бара жатқан келіншекке оқ атылады.Оқ оның желкесіне тиіп,3 баланың анасы сол жерде жарақаттан көз жұмады. Полицейлердің іздеу жұмыстарының нәтижесінде 16 жасар студент-бас күдікті болып отыр. Қазір қақтығысқа қатысты өзге де қатысушылар іздестірілу үстінде.
string
Болашақ құрылыс алаңы бұрын жоспарланғандай "Достық" шағынауданында емес "Халықтар Достығы" үйінің жанында Шымкенттегі мәдени орталықтар жақын арада жаңа ғимаратта қоныс тойын атап өтеді. Белгілі болғаны нысанның жобалық сметалық құжатын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Ғимараттың директорының мәлімдеуінше бұл жерде қажетті бөлмелермен үш қабатты қосымша ғимаратқа орын жетеді. Бұл әрбір мәдени орталықтың жайғасуына мүмкіндік береді. Сондай ақ сахна түрлі ірі іс шаралар өтуіне босайды. Халықтар Достығы үйінің іргетасы кинотетар ретінде өткен ғасырдың 64 жылдары қаланған. Алдын мұнда үш бөлме қарастырылған- директордың, есепші мен кассирдің .Бөлмелердің саны қазір -10-ға жеткен. Онда 20 этноорталықтары ,олардың жексенбілік мектептері ғимараттың қызметкерлері орналасқан. Сондай ақ республикадағы жалғыз қуғын сүргіндер құрбандарына арналған мұражайдың да қосымша құрылысына жобалық сметалық құжат дайындалды. Егерде құжат облыс басшылығында қолдау тапса, құрылыс 2012 жылы басталады[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=BhkE_8PCP94[/youtube]
string
Оңтүстік журналисттерінің жаңа төрағасы сайланды ҚР журналисттер одағы ОҚО филиалының төрағасы ауысты. Ол «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы-Бейсенбай Тәжібаев.Бұған дейін 3 жыл бойы облыстық филиалды «Хабар» агенттігінің ОҚО-дағы меншікті тілшісі Әбдез Рахманұлы басқарған еді.Сондай-ақ, 9 адамнан сайланған жаңа құрам тексеру комиссиясының төрағалығына «Жебе» баспа үйiнiң директоры Жарқынбек Төлтебайды лайық деп тапты.
string
Бұзақылық жасаған 19 жасар бозбала Шымкентте кезекті рет жастардың арасындағы қақтығысы тіркелді.24-ші қыркүйек күні күндіз 18 жасар бозбала иығынан жарақат алып жедел-жәрдем ауруханасына түскен болатын.Жарақат травматикалық тапаншадан болыпты. Анықталғандай Тәуке хан даңғылындағы аулалардың бірінде жастардың арасындағы жанжал атысқа ұласқан. Тапаншамен атқан күдікті көп ұзамай қолға түсті.Басбұзарлық әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен 19 жасар студент ұсталды.
string
Өзбек халқының тіл және дәстүр мерекесі Шымкентте аталып өтілді. Кернай мен сырнайдың сазды дауысы Абай саябағындағы мерекеге барша халықты шақырды. Абай атаға тағзым жасап, гүл қойылып, естелікке сурет түсірілді. Күні бойы саябақта ән шырқалып, думанды кеш одан әрі жалғасты. Көңілді концерт, тапананшылар жарысы, түрлі сайыстар келгендердің көңілінен шықты.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Jeq4dXh1dPo[/youtube]
string
Былтыр жылдың басында іске қосылған құны 376 млнды құрайтын қойма бүгінде өз мақсатында пайдаланылмауда Күз бен көктем аралығында көкөніс пен жеміс-жидектің қорын жинау арқылы бағаны тұрақтандыру мақсатында Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерін ұзақ мерзімге сақтайтын қойма салынған еді. Былтыр жылдың басында пайдалануға берілген қойма бүгінде өз мақсатында жүзеге аспауда. Өйткені айналымға қажетті қаражат көлемі жоқ. Қоймадағы жалға алынған орындарда жеке кәсіпкерлер мен серіктестіктер өнімдерін сақтауда. Жергілікті биліктің ауыл шаруашылығы өнімдерінің қорын жасап,қол жетімді бағамен оңтүстікқазақстандықтарды қамтамассыз ету бастамасы аяқсыз қалып отыр. Ұйымдастыру жұмысында үйлесімділік пен жүйе болмағанның салдарынан халықтың қаржысы кезекті рет шығындалуда. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=D9ow5WVbNe0[/youtube]
string
Қазір Қазақстандық мамандар өздері ота жасауда. Польшалық дәрігерлер тек кеңес береді. Шымкентке Польшадан балалар кардиохирургі келді. Жеті адамнан тұратын медицина мамандары біздің өңірде 18-ші қазанға дейін болуды жоспарлаған. Осы уақыт аралығында шетелдік мамандар қазақстандық дәрігерлермен бірігіп, ондаған ота жасауды көздеп отыр. Біздің облыста әр жылы жүрек ауруына шалдыққан бір жарым мыңға жуық сәби дүниеге келеді екен. Соның 400-і отаны қажет етеді. Бір ай ішіндеШымкентте польшалық мамандардың қатыстырылуымен жүрек ауруы асқынған 80 балаға күрделі ота жасалмақ.
string
сенім білдірген шәкірттерді жаңа басшылық әзірге жаңа ғимаратпен қамти алмай отыр Бүкіл жаз бойы лицензиясы алынады деп дүрліккен Академиялық Инновациялық Университет студенттері енді келешегіне алаңдамаса да болады. Оқу орнына жаңа басшы келіп, бәрі реттелген секілді. Алайда, лицензиясын сақтап қалған университетте қазір ғимарат мәселесі өзекті болып тұр. Айта кетерлігі, биыл Академиялық Инновациялық Университетте талапкерлерді қабылдаған жоқ. Қазір оқу мекемесінде тек 19 мамандық бойынша ғана білім беруде.
string
қаңғыбас ит-мысықтың құрбаны болудан сақтаныңыз Бес жарым жасар Нұрдәулетті көршісінің иті тістеп алған. Дереу емдеу мекемесіне әкелген баласына дәрігерлер құтыруға қарсы екпе жасады, - дейді Нұрдәулеттің анасы. Нұрдәулет секілді көршісінің ғана емес, сондай-ақ қаңғыбас ит- мысықтардан жапа шеккендер қатары азаймай отыр,-дейді дәрігерлер. Ал Шымкент қалалық әкімдігі ветеринария бөліміндегілер 12 мыңнан астам иесі бар, 3500 қаңғбас иттерге екпе жасадық деп отыр. Бұл мақсатта респ. қазынасынан 15 млн. 520 мың теңге бөлінген де. Жергілікті бюджеттен 20 млн. теңге ит-мысық аулауға жұмсалған. Бірақ қыруар қаржы жұмсалған жұмыс жеміссіз дейді қалалықтар. Тіпті биылдың өзінде құтыру диагнозымен тіркелгендер де табылған. Ит-мысық тістеп алған жағдайда жедел дәрігерге көрінбесе, құтырудың құрбаны болу ғажап емес дейді дәрігерлер. Сақтансаң сақ боларсың. Қауіпті дерттен қорғану қоғамға ортақ іс. Үйдегі ит-мысығыңызға дер кезінде құтыруға қарсы екпе жасатып, қаңғыбас ит-мысық туралы тиісті орынға жедел хабарласуды ұмытпаңыз. Телефондары: 540613,539421 [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6_efl3ifumA[/youtube]
string
жолақы 50 теңгеге көтерілді [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PaIVgL_amy4[/youtube]Үш жылдан астам уақыт қаланы басқарған Жетпісбаев Арман Шәріпбайұлының жұмысына қалалық мәслихаттың депутатары жақсы деген баға берді.Бұған дейін қала әкімі депутатардың алдында жылына екі рет есеп берген болса, енді есеп бір рет беріледі. Сондай-ақ, кезекті өткен 55-ші сессияда қалалық мәслихаттың депутатары қоғамдық көліктердегі жол ақысын көтеруге бір ауыздан келісті.Мәслихата қабылданған бүгінгі шешім әділет депортаментінде тіркеліп 10 күн бойы БАҚ құралдары арқылы қалықа жарияланады содан кейін ғана өз күшіне еніп жол ақысы өседі
string
облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы тілдер мерекесі Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне орайластырылған мектепаралық байқау өтті. Бұл байқауды қалалық білім бөлімі аталған мұражай ұжымымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. ЕЛ Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қолға алынған бұл шараға мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт ұландары білім жарыстырып, бақ сынасты. Тіл мерекесін ұлықтаған байқауда балғындар Абайдың қара сөздері мен ақын-жазушылардың өлең-жырларынан шашу шашты.
string
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы М. Қашғари жалпы орта мектебі оқу жылын жаңаша қарсы алды. Аталған білім ордасының ұжымы бірыңғай мектеп формасына көшіп отыр. Арнайы тапсырыс арқылы алынған киімдер өте сапалы, әрі ұстаздардың қалтасына да тиімді. Бар болғаны әр мұғалімге 7 мың теңге. «Біздің оқушыларымыз толығымен мектеп формасын киеді. Биылдан бастап бұл жүйені мұғалімдер арасына енгіздік» – дейді мектеп басшысы А. Акмурзин.
string
Откен жылы ғана қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша ЖОО-н тәмамдаған Рыхсыбайдың биыл екі қуанышы қатарынан келді. Ол жастар комитетінің төрағасы болып сайланса, екінші өзге ұлттар арасында өткен «Мемкекеттік тілді білу-парызың» атты жарыстан бас жүлдені жеңіп алды. Шымкенттік өзбек ұлтының өкілі қазіқ тілін үйренудің қиын еместігін айтады. Оған кішкентайымнан қазақ балаларымен достасуым және тілге деген қызығушылығым мен ниетім әсер етті дейді. Өйткені мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлей білу – бұл сайыста қойылған басты талап болатын. Қазақстанның түкпір түкпірінен қатысқан 14 үміткердің ішінде ең жасы біздің жерлесіміз. Олардың арасында тек өзге ұлт өкілдерінен жиналған қызметкерлер мен мұғалімдер, студенттер де болыпты. Жеңістен дәмелілер білім жарысында қазақ тілінде шығарма жазу, өз ұлты туралы баяндап беру және өнерін көрсету сынды сындардан өткен. Өзгелерден үздік шыққан кейіпкеріміз екі бірдей дипломға ие болды. Ол қазақ тілін жетік меңгергенін дәлелдеп, оңтүстік өңірдің мәртебесін тағы бір марқайтты. Қазірде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистратурада оқып, білімін шыңдауда.
string
Бұл аудан әкімдігінің базар басшыларымен келісе жасаған кестелері. Ең алдымен базардың қас беті өзгертіліп қақпалары жаңартылады және жауын шашында сауда жасаушыларға ыңғайлы болу үшін жүргінші жолы бетондалып шатырлары алмастырылады. Енді мұнда өрт сөндіру көліктері кедергісіз кіре алады. бұл базар әмбебеп болғандықтан әр зат жеке бөлініп арнайы дүңгіршектерде саудаланады. Сауда орны ішіндегі ескі ғимараттар бүзылып орнына жаңасы салынады екен. Бір сөзбен айтқанда жыл соңына дейін 24 мың шаршы метр жерді алып жатқан сауда орыны заман талабына сай етілмек. Сонда жабайы саудаға да осы кезде нүкте қойылуы мүмкін.
string
Шымкенттік жастар өздері туралы «естелік» қалдыруды жөн көрді. Ғашықтар енді бір-біріне сезімін бетпе-бет немесе смс-хаттар арқылы емес, қаламыздағы көркем, тарихи орындарда жазу арқылы білдіруге көшкен. Ордабасы алаңында жаңадан салынған Тәуелсіздік көпірінің ұстағышында жазылған мына жазулар соның дәлелі. Мұнда бір емес бірнеше қолтаңба, есімдер мен ғашықтық сөздер арнайы бояумен жазылған. Еліміздің болашағы жастар тарихи құндылықтарды сақтау міндетін естен шығарған секілді.
string
Шымкент қаласында кеңес одағы тарағалы алғаш қолға аланған көпқабаты үй аулаларын абатандырып балалар алаңшаларын салу жұмыстары тамыз айының соңында аяқталуы тиіс еді. Бірақ іс оңбады тендірді жеңген 40 мердігердің бірде бірі жұмысты аяқтап қабылдау комисиясынаң сынағынан өтіп көпқабаты үй тұрғындары мен балаларды қуантқан жоқ . Абай ауданындағы 50 алаңшаның жұмыстарын дер кезінде аяқтамаған 3 мердігер мекемеге әкімшілік шара көріліп 2 млнға жуық айып салында Еңбекші және Әл фараби ауданындағы құрылысты ақсатқан компанияларға да тап осындай шара көрілетін болады . Бұдан бөлек көпқабаты үй аулаларна спорт алаңшаларын салу жұмысы да басталды 40 спорт және 205 балалар ойнайтын алаңшаларды салу үшін бюджет 1,5 млрд. тенге қаржы бөлген. Құрылыс барысындағы мұндай келеңсіздіктерді халық қадағалаудың нашарлығынад дейді. Кестеден кешікен мердігерлерге айыпұл салып ескерту беруден бөлек қосымша 10 күн мерзім уақыт берілді .
string
Кітапхана 340 мың кітапқорымен жасақталып жатыр Мектептегі өзекті тақырыптың бірі оқулық. Тәуелсіз ел атанып, көк байрағымыздың байтақ елімізде желбірегеніне 20 жыл толған болса да, экономикасы тұрақталған елімізде болашағымыздың негізі болып саналатын жас ұрпақтарымызға мектептерде оқулық пен оқу әдістемелік құралдары жеткіліксіз. Қала тұрғындарының сөзіне сүйенсек көптеген мектептер бір оқушыны жыл бойына оқулық және оқу әдістемелік құралының 30 % мен ғана қамтамасыз етеді, қалған 70% өз қаражаттарына сатып алады. Қала базарларында тиісінше кез-келген оқулықтар мен оқу әдістеме құралдарының кез-келгенін қанша дана болса да, табуға болады. «Мұның себебі неде?» деген сұраққа біз жауап іздедік. Ендігі кезекте қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Үрзада Жұманқызының берген мәліметі бойынша жаңа оқу жылынан бастап тұрмысы төмен оның ішінде жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасыларға, яғни мемлекеттік жеңілдікке құқылы оқубшыларға 4-6-11 сынып оқулықтары мен оқу әдістемелік құралдары толық тегін таратылады. Ол үшін үкіметтен 8 486 600 тенге қаражат бөлінген. Жақында мемлекеттік тапсырмасымен Білім және ғылым министрлігі барлық мектептерді 100 %-дық кітап қорынмен толықтыруды кезеңдік жүйемен жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Кезеңдік жүйе бойынша келесі жылға 4 сынып оқулықтарына 95%-ға тапсырыс беріліпті. Үкімет осылайша жоспар бойынша 2015 жылға дейін кезеңдік жүйені аяқтап, еліміздегі барлық мектептерде оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарын 100% тегін таратуға дайын болуы тиіс. Оқулықтар әр төрт жыл сайын жаңарып тұратындықтан ата-аналар сатып алған оқулықтары кейінгі баласына жарамсыз болып қалады. «Сондықтан шамамен 700 тенгеге сатып алынған бір оқулықты мерзімі бітпей тұрғанда қайта сатуға тырысамыз. Бірақ 200 тенгеге сатылса қуанамыз» – дейді ата – ананың бірі Бейбіхан Сейдуллаева. Балаларының болашағын жарқын етуді көздеген әрбір ата-ана метеп талабына сәйкес оқулықтарды жаңартып отыруға мәжбүр.
string
ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев жаңар жағар май тапшылығының мәселесі Қазақстанда қазан айында шешіледі деп сендіреді. Қазіргі орын алған мәселе ол маусымдық уақытшы ғана проблема дейді министр. Оны түбегейлі шешу үшін бүгінде қажетті шаралар көріліп жатыр. Сауат Мыңбаев АИ-92 маркілі бензиннің 40 пайызын біз Ресейден импорттайтынымызды алға тартуда. Қазір көрші елдегі бензин бағасы мен біздегі баға арасында 38-пайызға дейін айырмашылық бар. Ал кедендік одақтыңі талап бойынша , бұл айрымашылық аз дегенде 15 пайыз болуы шарт екен. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=RtI3Kw8SQi4[/youtube]
string
Белгілі қылқалам шебері – Қасымбек Нұрбеков тауға ғашық жан. Сондықтан да, оның қылқаламынан шыққан картиналардың басым көпшілігінде тау бейнеленген. Сұлулыққа құштар суретшінің туындыларында әсем табиғаттың, сұлу сәйгүліктің бейнесі жиі кездеседі. Кеше Шымкенттегі облыстық көркемсурет галереясында Қасымбек Нұрбековтың 75 жылдық мерейтойына орай «Өмір мен өнер» атты жеке көрмесі ашылды. Көрерменнің көзайымына айналған көрменің ашылу рәсіміне Қасекеңнің әріптестері, өнерін бағлаушы азаматтар көп жиналды. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4esoNuyoV9Y[/youtube]
string
Сарыағаш ауданының әкімі ауданда туып-өскен, қазір еліміздің әр аймағында түрлі қызметте жүрген азаматтардың басын қосуды жөн көріпті. Туған жерге тағзым жасата отырып, ауданның көркейюіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, әдеби, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға, елдің рухын көтеруге Сарыағаштан түлеп ұшқандар мұрындық болса дегенді ниет етіп отыр. Айта кетейік, Сарыағаштан есімдері елге белгілі ақын-жазушылар -Төлеген Айбергенов, Ханбибі Есенқарақызы, Әмзе Қалмырзаев, Шойбек Орынбай, Анар Аспан, Асхан Майлыбаева, кезінде сенатор болган Сайлаукүл Барахова, ғалым, қоғам қайраткері, марқұм Немат Келімбетов, оның ұлы, белгілі экономист-саясаткер Қайрат Келімбетов, тағы басқа азаматтар түлеп ұшқан.
string
Оқу-жаттығуда студенттер белсенділік танытты 21- қыркүйек күні таңертең Шымкентте жер сілкінісі болғаны туралы дабыл қағылды. Әл-фараби орталық алаңға 1000-ға жуық жастар мен қала тұрғындары жиналды. Бұл «Жер-2011» штабтық оқу-жаттығуы болатын. Айта кетейік, мұндай жаттығулар 8 мекемеде өтті. Әл-Фараби алаңында жоғары оқу орнының студенттеріне бас амандығы үшін жүгіруге тура келді. Қауіпті нысаннан сыртқа шығарылған азаматтарға тиісті көмек көрсетіліп, арнайы штаб шұғыл әрекеттер жасады. Құқық қорғау органдары мен күзет қызметі, техника мен жасақтар дабыл бойынша дер кезінде іске кірісті. Мұндай оқу-жаттығулар осыдан екі жыл бұрын өткізілген болатын. Ең алдымен, бұл шара – төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда шұғыл әрекет жасауға машықтандырады, дайындықты анықтайды. Ауқымды оқу жаттығудың ұйымдастырылуына төтенше жағдайлар министрінің өзі де келді. Бірінші кезекте ол облыс әкімінің жылжымалы басқару пунктінде болды. Мұнда құтқару, медициналық көмек, байланыс және күш құрылымдарының бөлімшелері біріктірілді.
string
Театрға барасыз ба? "Одан басқа шаруам қалмап еді?!". Көпшілігіңіз дәл осылай деп жауап береріңіз рас. Себебі, тұрмысымызға техника дендеп енген сайын, қолмен атқарылып келген шаруалардың көбі жансыз темірдің түймесін басып қалу арқылы жүзеге асырылып жатса да, бізге уақыт тапшы. Асығыспыз. Үлгермей жатамыз. Әйтсе де... Рухани азықтан ада адамдар көбейген сайын өмір сүру қиындап кеткен жоқ па? Қалай ойлайсыз? Жә, айтпағым бұл емес еді... Апта бойына премьера! Сахнада "Іздеп таптым мен сені" қойылымы. Мәдениет басқармасындағыларды шақырамыз, келіңіздер, көріңіздер! Ал, белсеніп шыққан бесеу жайлы "Оңтүстік Рабат" азетінің 37 нөмірінен оқи аласыздар.
string
«Базар жоқ» әзіл ысқақ театрына бір жыл толды. Осы айтулы мерекелеріне орай өнерлі ұжым дайындық үстінде. Алда Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына 20 концерт қоямыз деп жоспарлаған жігіттердің бұл Шымкенттегі 15-ші кеші екен. Ал 20-шы концертті олар елордамыз Астана қаласында желтоқсан айында бермек. Шымкент бізді өте қонақжайлылықпен ерекше ықыласпен қарсы алды. Оған қатты қуанып тұрмыз. Залда ине шаншыр жер жоқ. Лық толған. Бұл біздің өнерімізді бағалайтын, бізді шын жүректен тындайтын көретін халықтың мұнда да бар екендігін білдіреді дейді театрдың көркемдік жетекшісі Тұрсынбек. Ертен жігіттер Қызылорда көрермендерін өз әзілдерімен қуантпақ. Сонымен бірге олар келесі жылдан бастап бағыттарын өзгертіп әзіл мюзиклге ауыспақ ниетте. Ал қазан айынд «Базар жоқ» әзіл ысқақ театры бір жылдық мерей тойларын Астана қаласында атап өткенді жоспарлап отыр.
string
Ұйғыр халық ансаблінің биші қыздары Шымкентке алғаш рет ұйғыр ансамблі келді. Халықтар Достастығы үйінде Қытайдан келген 38 әртіс жерлестеріміз үшін өнер көрсетті. Концерт басталмай жатып, зал көрерменге лық толды. Мерекелік кеш дәстүрлі ұйғыр халық биінен басталды. Он шақты қыз бен жігіт мың бұрала билегеннен кейін сахнада ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен ұйғыр тілінде ән шырқалды. Ансамбль құрамындағы ұлты қазақ азаматы Злаш Мүтәліп те ән шырқайды. Ол Синьцзян-Ұйғыр автономды округінде туып өскенімен, ана тілін ұмытпаған. Әсіресе әншінің орындауындағы «Көк өзен» атты әнін көрермен жылы қабылдады. Өнер майталмандарымен бірге қаламызға Синьцзян- Ұйғыр автономды округінің сыртқы істер министрі – Гали Абдулхамид те келіпті. Ол: «Ұйғыр ансамблі Жаркент, Таразда болып қайтты. Енді Шымкенте келдік. Халық бізді жақсы қарсалды. Қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтаймын. Осы мейрам қарсаңында өз мәдениетімізбен халықты таныстырмақ едік» деді…
string
«Мемлекеттік тіл- Қазақстан халқын біріктіретін тіл.» Осындай атаумен бүгін Шымкентте фестиваль өтті. Аталған ауқымды шараның ұйымдастырылуы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен елімізде өмір сүретін халықтың тілдер күніне арналып отыр. Фестиваль театрландырылған көркем қойылымнан басталды. Оған облысымыздың барлық ұлттық мәдени орталықтарының өкілдері жиналды. Олар бүгінгі фестивальдің атауымен толық келіседі. Мемлекеттік тіл – кең байтақ Қазақстандағы барлық халықты біріктіретін тіл дейді жиналғандар. Мінбеге шыққандар жыл санап мемлекеттік тілдің дамуына барынша басымдылық беріліп жатқанын айтады. Осыдан 20 жыл бұрын қазақ мектептерінде еліміз бойынша 900 мың оқушы болса, қазір олардың қатары 1,5 млн-ға жеткен. Яғни мемлекеттік тілге деген сұраныс артып отыр. Қазақ тілін оқытып-үйрету мен оның насихатталуына үлкен үлес қосқандар фестивальда марапатқа ие болды. Олардың арасында «Отырар» телеарнасы, «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» газеттерінің басшысы Валентина Куликова да бар. Мерекелік шара ән мен күйге ұласты.
string
Шымкенттен тағы шу шықты. Осыдан бір жыл бұрын Еуропадан жеңілдетілген тариф бойынша автокөлік әкелген 50-ге жуық көліктасымалдаушы дау шығарды. Оларға біршама уақыт өткеннен кейін айыппұл төлейтінін туралы қағаз келген. Анығырақ айтсақ, 200-ге жуық автокөлікті өткізген кеденшілер құжаттарды рәсімдеу кезінде қателіктер жіберілген. Көлік тасымалдаған азаматтар шетелден Қазақстанға кірерде автокөлігін құжат бойынша рәсімдеген. Ал, кеден заңы бойынша рәсімдеу машинаның шанағы бойынша тіркелуі керек болған. Осылайша 5-6 мың долларға автокөлік сатып алғандар енді 5 млн-ға дейінгі суммада айыппұл төлемек. Бір қызығы бұл қателікті кеденшілер темір тұлпарлы болғандардан айыппұл ретінде өндірмек болыпты. Осыған ашынған автокөлік тасымалымен айналыстындар істің анық-қанығын анықтамақ. Ал кеденшілер тіпті автокөлік иелеріне тығырықтан шығудың өзінше жолын да ұсыныпты. Мұндай айыппұл салынып жатқаны туралы шу шыққанын түсінген кейбір жанұяларда тіпті бақытсыз жағдайлар да орын алып жатыр дейді көлік иелері. Ашынған көлік иелері қандай да бір жауап алу үшін тіпті Кеден департаментіне де барды. Жауапты мамандардан қандай кінә жібергенін және миллиондаған айыппұлдың не үшін салынғанын білгісі келгендерге кеденшілер сол баяғы сотқа сілтеумен болды. Бұл мәселенің түйінін тарқату тағы да сотқа бұйырды. Алайда көлік мінем деп, миллиондаған қарызға батқандар бұдан бір қайран боларына сенбейді. Ал олардың ісімен сотта Юрий Пак айналысатын болады. Оның сөзінше, кеденшілердің қателігінен қарапайым азаматтар зардап шегіп отыр. Зардап шегушілер бірнеше рет, аудандық, облыстық сотта барысында жеңіліске ұшырады, бірақ олар соңына дейін істі анықтауға бекінген.
string
Таяуда Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасын таныстырғанда мемлекеттік мекемелердегі намазханалар жабылады деп мәлімдеді. Яғни, білім ордалары мен ауруханаларда және әскери бөлімшелерде намазхана ашуға тыйым салынады. Ол үшін төленетін айыппұл көлемі де айтарлықтай. Ол бұл өзгерістердің қоғамдық орындарға, атап айтқанда, әуежайлар мен вокзалдарға қатысы жоқ екенін түсіндірді. Байқайсыз ба, соңғы кездері дін мәселесінде жоғары жақтағылар да шатыса бастағандай. Бір кездері Исламға бет бұрып, етек-жеңіміз жиналды деп, бөркімізді аспанға атып едік. Қазір аузына Алланы алған адамды көрсек шошына қарайтын жағдайға жеттік. Жер-жерлерде діни экстремизмге қарсы ұйымдастырылған жиындарды жиілетіп жібердік. Көршіміздің сақалы мен балағын аңдитын болдық. Ұл-қызымыз құбылаға бет түзеп, намаз оқи бастаса күдіктене қараймыз. Осылайша, имандылық мәселесінде басы қатқан қазақ өзінен-өзі қорқатын заманға жеттік қазір. Қазір аталмыш заң жобасы Парламент депутаттарының қызу талқылауында. Бірі мақұлдаса, екіншісі қарсы. Мысалы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов бұл ретте мемлекет пен діннің бөлек екенін алға тартады. Кабинетте шылапшын алып жуынып отыру көрінісі мемлекеттік қызметкерге, яғни әрдайым түрлі саладағы адамдарды қабылдап, кездесетін тұлға үшін оғаш қылық деп санайды халық қалаулысы. Оны әріптесі А.Жағанова да қолдайды. Тек, Б.Тілеухан бастаған депутаттар ғана жаңа ұсынысқа қарсы. Оңтүстікте қазір 106 намазхана бар. Облысымыздағы 6 түзеу мекемесінде Құдайға құлшылық етуге арналған 12 бөлменің 6-уы мешіт болса, 6-уы шіркеу. Оның ішінде 167/2 және 167/9 түзеу мекемелерінде арнайы мешіт ғимараты да бой көтерген. Демек, облыстағы барлық түрмелерде намазханалар жұмыс істейді деген сөз. Жазасын өтеушілердің 3067-сі дінге сенушілер. Олардың 2473-і мұсылмандықты ұстанса, 594-і христиан өкілдерінен тұрады екен. Әзірге, жаңа заң жобасы талқыланып жатқандықтан түрмелердегі намазханалар осылайша қатаң бақылауда көрінеді. Дегенмен, дін өкілдерінің бұл жәйтқа көзқарасы басқаша. Мұхамеджан ЕСТЕМІРОВ, облыс бас имамының орынбасары: Намазханаларды жабу мәселесіне, жеке пікірім қарсымын. Себебі, біздер діни уағыз жүргізетін мекемелерде Құдайын танып, тура жолға түсіп жатқандар өте көп. Ондағы араққа, есірткіге тәуелденгендердің райынан қайтып жатқандарының басым бөлігі дінге бет бұрғандар деп толық айта аламын. Өйткені, адамға ең алдымен керегі – сенім. Ең дұрысы, айтып отырған мекемелердегі намазханаларға камера қойып, бақылауды күшейткен дұрыс сияқты. М.Естеміров қалада қазір уахабшылар ордаларының жиілеп кеткенін айтады. Шаһардағы «Көмешбұлақ», «Қатын көпірдегі» темір-терсек базарларының маңы, сондай-ақ, Ғ.Ілияев көшесінің бойындағы «Шымнұр» кафесінің айналасын дінбұзарлар жайлаған дейді. Намазханаларды жапқаннан гөрі осы іспеттес орындарға тосқауылдар жасалса дейді Үкімет тарапынан.   Серік САХАНОВ, қала тұрғыны: Әрине бұл дұрыс емес. Мысалы, мемлекеттік қызметкерлер түскі үзілісте намазхана іздеп, мешіттерге барса, түскі астан қағылып, аш қарынмен жұмыс істеуге мәжбүр болады. Ал студенттер сабағын өткізіп алады. Сапасыз жұмыс пен құлықсыз зейін нәтижелі болмасы анық. Біз мұндай әрекеттер жасау арқылы Исламды расында да терроршыл дін етіп көрсетіп алуымыз мүмкін. P.S. Кешеге дейін хиджапты айтып «әләуләйләтіп» келіп едік, бүгін оған намазхананың «хәләуләйлімін» қостық. Күн сайын дінімізден ши шығарып, алыстап кетпесек жарады. Адамның психологиясы қызық қой, шіркін. Қой деген сайын сол нәрсеге ынтыға түсеміз. Осы арада, елдегі намазханаларды жауып, келесі бүлікті шығарып алмаймыз ба деген сауал ұялайды көкейге. Сыйыну орындарын жаппақ түгілі, өзге де шаралар тоқтау сала алмай жатқан кері ағымдарға бұл бөгет бола алмайды, әрине. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман? Хат жазыңыз…
string
Шымкенттік «Ордабасы» елордалық команданы өз алаңында қабылдады. Ойынның алғашқы минуттарынан бастап-ақ қос командада жеңісті қолдан жібермейтіні анық байқалды. Алғашқы 20 минут бойы допты қуалағынмен нәтижесіз болды. Алайда, матчтың 21-ші минутында Бабатунда Коллинзтің шығарған пасын Дәуренбек Тәжімбетов қағып алып, қақпаға гол соқты. Есеп ашылды, ендігі кезек астаналықтарда болғандай көрінгенімен, қонақтар ережені бұзып, 11 метрлік айып соққы белгіленді. Бұл мүмкіндікті Артем Касьянов қалт жібермей, есепті еселеді. Десек те Астана командасы да бірінші таимның соңына қарай өз командасын алға шығаруға талпынды. Ойынның алғашқы жартысы 2-1 есебімен аяқталды. Кездесудің екінші таймы бұдан да тартысты басталды. 70 минутта Максим Жалмагамбетов есепті теңестірді. Бұл тұста, ордабасылық жанкүйерлердің көңіл күйін түсіну қиын емес еді. Ал команданың бас бапкері Виктор Пасулько тіптен отыру түгіл, туруға да орын таппай қалғандай болды. Таблодағы есеп ойынның 86-шы минутына дейін өзгермеді. Кездесу соңына жақындағанда ғана Артем Касьянов ордабасыны алға шығарып, дубль орындады. Астаналықтар ұпайсыз үйіне қайтса, ордабасының жанкүйерлері бұл жеңіс маусым соңына дейін жалғасса деп тілек айтып жатты.
string
Баспанасыз жүрген әйелдің осындай күй кешкеніне жарты жылдың жүзі болды. Түлкібастан ауып келген ана қазір балаларымен вокзалда түнеуге мәжбүр. Ал күндіз үлкен қызы орталық мешіт алдында қайыр сұрап, нәпақа табады. Сегіз жасар қыз жаңа оқу жылы басталғалы бері мектеп бетін көрмеген. Ал олардың мәселесімен бас қатырып жатқан ешқандай құзырлы мекеме жоқ. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=H2BrcYeqe78[/youtube]
string
Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында 21-қыркүйек күні «Іздеп таптым сені» атты мелодраманың премьерасы өтеді. Авторы – Т. Миннуллин. Өзбек тілінде жазылған пьесаны қазақ тіліне аударған жазушы Иран-Ғайып. Ал оны қысқартып,сахналық нұсқасын жасаған ҚР халық әртісі Е.Уразимбетов. Шығарма негізгі екі кейіпкерден тұрады. Оқиға желісі 20 жасар мүгедек қыз бен соғыстан аяғынан айырылып оралған 25-27 жасар жігіттің арасындағы махаббаты жайлы баяндалады. Қоюшы режиссер – Е. Уразимбетов, қоюшы суретші – Қ. Жұмағұлов. Премьера сағат кешкі 18.00-де басталады.
string
Қыркүйектің 6 – күні Шымкенттегі «Тұлпар» демалыс аймағының жанында Нұрсұлтан есімді жасөспірім табылғаны жайында айтқан болатынбыз. 15 жасар жеткіншек үй жайы қайда екенін, тіптен туыстарының да есімін нақты білмейтін. Араға сегіз күнді тастап, Нұрсұлтанның нағашы атасы «Оңтүстік Рабат» газетінің редакциясына қоңарау шалған болатын. Ол немерісінің суретін газет бетінен көріпті. Газет тілшілері бұл ақпаратты Нұрсұлтанды қарамағына алған уақытша бейімдеу орталығына тез арада хабар беріп, ондағылар анасымен де кездесіп үлгерген. Анасының сөзіне сенсек, Нұрсұлтан үйінен жиі қашып кетеді екен. Оны іздеуден шаршаған туыстары, бұл жолы да өзі келер деп отырғанға ұқсайды. Алайда осы тұста, қыркүйектің 14-і күні түңгі сағат екі жарымдарда Нұрсұлтан уақытша бейімдеу орталығынан тағы да қашып кеткен. Бүгінде тәртіп сақшылары, туыстарымен бірлесе оны іздестіру үстінде. Егер де Нұрсұлтан Мүсәліповты кездестірсеңіз, 41-02-67 нөміріне хабарласуыңызды сұранамыз.
string
Аударыспак Аударыспак Шымкенттік шабандоздар ұлттық ойындардың республикалық фестиваліне дайындық үстінде. Мақсат – алтын медальға қол жеткізу. Ол үшін демеушілердің көмегімен жаңа сәйгүліктер де сатып алынған. Жақында облыстық бюджеттен екі ат сатып алынса, жуырда ғана қалталы азаматтардың қолдауымен шымкенттік шбондоздар 30 мың АҚШ доллары тұратын атқа мінді. Сәйгүліктеріміз түгелденді. Енді алдағы жарыста алтыннан алқа тағамыз деп үміттеніп отырмыз,- дейді Ақылбек Манкеев. Ұлттық ойындардың үшінші фестивалі Өскеменде жалауын көтермек. Республикалық жарыста ұлттық ойындардың тоғыз түрінен спортшылар сынға түсетін болады. Аударыспақтың палуандары да ат үстінде белдеседі.Облыс намысын биылғы ел чемпионатының жеңімпаздары қорғайтын болады. Жеңісті қолдан жібермейміз дейді жерлестеріміз. Теңге ілу спорт түрінің де жастары жүлделі болуды жоспарлап отыр. Өйткені еліміздің барлық облыстарынан жиналған үздіктердің арасынан топ жару үлкен мәртебе екені даусыз. Оның үстіне бұл дода Асанбай Асқаровты еске алуға арналған халықаралық жарыс алдындағы дайындық деуге де болады. Қараша айында Асанбай Асқаровты еске алуға арналған турнир басталады, – дейді Ғани Ахметбаев. Республикалық фестиваль осы айдың 20 на бастауын алып, бес күнге жалғасады. Ал ұлттық ойындарды шымкенттіктер өз көзімен қараша айында өтетін халықаралық турнирде орталық ат шабарда тамашалай алады.
string
Тоқсаныншы жылдары ОҚО әкімінің орынбасары болған, кейін сенатор, ОҚО білім басқармасының бастығы қызметтерін атқарған Сайлаукүл Барақова бұл сұхбатта егемендік алған алғашқы жылдарымызда жіберілген кемшіліктер жайлы сыр шертеді. Сайлаукүл Жаппарқызы, өзіңіз де жақсы білесіз, биыл еліміз үшін мерейтойлы жыл. Айтыңызшы, Тәуелсіздік қазаққа не берді деп ойлайсыз? Сол қазақтың бірі ретінде Сізге, сіздің отбасыңызға не бергені бар? Әрине, бұл тәуелсіздіктің халыққа, ұлтқа бергені көп. Дінімізбен, ділімізбен, тілімізбен осы тәуелсіздік арқылы қауышып жатырмыз. Жылдап соғысып жатқан елдер бар. Менің ойымша, бізге ендігі жерде қантөгіссіз алған тәуелсіздігімізді сақтап қалу, егемендікті баянды ету үшін күресу керек. Сол себепті «Тәуелсіздік маған не берді?» деп емес, мен тәуелсіздікке не бердім деген мақсат тұрса деймін алдымызда Дегенмен де бастапқыда қатты қиналғанымыз рас қой. Жасыратын несі бар, тоқсаныншы жылдары «Бүйткен тәуелсіздігі бар болсын?!»- деп, ашынғандар да болды. Сол жылдары сіз билікте отырдыңыз. Облыс әкімінің орынбасары болдыңыз. Білім басқармасын басқардыңыз… Сіздіңше, қарапайым халық сезінген сол қиындықты билік сезіне алды ма? Ол кез дағдарыс заманы еді ғой… Өндірістің барлығы тоқтап, совхоз, колхоздар тарап кетті. Қалай деген күнде де дәл осы совхоз, колхоздардың таратылғанына еш қосыла алмаймын. Әлде, түсінбеймін бе?! Түсіндіргеннің өзінде мен соны қабылдай алмадым еш. Қытай да сондай дағдарысты бастан кешірді. Бірақ, сақтап қалды ғой барлық шаруашылығын сол күйінде. Бізге де сақтап қалуға әбден болатын еді. Мысалы, біздің Киров, Қапыланбек, Мичурин шаруашылықтары ешкімге тәуелді емес, пайда тауып, елге жұмыс көзі болып отырған миллионер колхоз-совхоздар еді. Оларды жалған банкроттыққа жіберіп, болмашы тиын-тебенге сатудың не қажеті болды? Менің де білгім келетіні осы ғой… Сіз сол кезде әкімдік жүйеде едіңіз, сол кездегі биліктегілердің діттегені не еді сонда? Билік ешнәрсені білмей отырды деуге болмайды. Қарапайым халықпен бірге қиналдық біз де. Қайда барсақ та алдымыздан «жұмыс тауып бер», «жалақымды алып бер» деген жұрт шығады. Олардың қиналғанын көріп тұрып, көмек берер дәрменің жоқтығын сезінуден асқан қиналыс болмайтын шығар, әсті?! Бірақ, мен бір нәрсені ашық айта аламын. Ол кәсіптік училищелерді сақтап қалдық. Осы күні сол ісіміз дұрыс болғанына қуанамын. Тоқырау заманында барлығы жекеге тиын-тебенге сатылып жатқан тұста болашақты ойлағандар болса колхоз, совхозды, зауыттарды сатып жібермей, алып қалуға мүмкіндік болғаны ғой?! Сіз мысалы алып қалып отырсыз кәсіптік мектептерді. Неге енді, өзгелер де солай етпеген? Өзге үшін жауап бермеймін. Мүмкін оның да өзіндік себебі болған шығар. Әйтеуір, тығырықтан шығатын жол сол болды ма, кім білсін?! Бірақ, жоғарыда айтып өткенімдей, мен бәрібір сол шаруашылықтардың жекешеленгенін әлі де қабылдай алмаймын. Мәселен, «Қапланбек» совхозы қандай еді! Шарабын сатып жатқан, банкроттыққа ұшырайтындай емес еді ғой… Түсінбеушілік болды деп ойлаймын, жекешелендірудің жолы осы деп, жаппай сатып жібердік. Сенатта жүргенімде де жерді сатуға қарсы болдым. Әсіресе, суармалы жерден айрылып қалғанымыз аяздай батады арқама. Қазір, қай ауылға барсаң да айтатыны «малды қайда жаямыз?» деген мәселе. Ауылдағы ағайын мал бағып, күнкөріп отыр еді. Жайылымдық жер қалмай, барлығы сатылып кеткен соң, ел малды да амалсыз сатты. Онсыз да жұмыс таппай жүрген ауылдағы ағайын малынан айрылып, күнкөрісі төмендеді. Содан барып, қылмыс жасайды. Қарап отырсақ, қылмыс жасап жатқандардың көбі — қазақтар. Мен мұны билікке қарсы шығайын немесе Қырғызстандағыдай бүлікті бастайын деп емес, елге жаным ашығандықтан, біз сияқты өмірді көрген, жасы үлкен аға-апалар айтуға тиістіміз ғой деген оймен айтып отырмын. Байқаймын, біртіндеп ел тағы бір тығырыққа тірелгелі отыр. Сайлаукүл Жаппарқызы, қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерге қарап заң алдында барлық адам бірдей емес екен ғой деген ойға еріксіз ораласың. Сіз кезінде Сенат депутаты болдыңыз, айтыңызшы, біздегі заңдар кімдерге арналып жазылған? Сен түгілі, мен өзім де таң қаламын, заңды оқысаң барлығы керемет, әділ, орындаған адам тәртіпті болуға тиісті. Бірақ, өмірде өзің айтпақшы, біреуге заң бар да біреуге заң жоқ. Жалпы, бізде заң бар, орындалуы жоқ. Кейде ойлаймын, мұның барлығы қоғамды демократияландырамыз деп осалдық танытып алудан ба екен деп. Әсіресе, қоғамды соңғы кездері алаңдатып отырған дін мәселесіне абай болуымыз керек. Қоғамдық ұйым ретінде 10 адамның басын құраса болды, тіркеліп, өз мешітін ашып алатындар көбейді. Заңға барлығы бірдей бағынатындай ету керек. Сіз бір сөзіңізде «100 пайыздық тәуелсіздік деген болмайды» деп айтып қалдыңыз? Қазақстанның тәуелсіздігі қай дәрежеде деп ойлайсыз? Рас, 100 пайыздық тәуелсіздік деген болмайды. Біреу, біреуге әйтеуір тәуелді. Сыртқы саясатымызда мемлекет ретінде бізді мойындайтын, танитын елдер бар. Егеменді ел болып, өзімізді қай салада болсын танытып жүрміз. дегенмен, алғашқы жылдары шетелден алған несиеміз, былайша айтқанда, қарызымыз да жоқ емес қой?! Кең байтақ жеріміз болғанымен, аз халықпыз. Шеттен келіп жатқан инвестицияның барлығының да артында сұрауы бар. Сонымен қатар кезінде заңда жіберген кейбір кемшіліктерді қазір түзетуге мүмкіндік бар деп ойлаймын. Ішкі саясатқа көп көңіл бөлген жөн. Ішімізден ірімей, егемендікті баянды етуіміз керек. Қызмет көрсету сапасын арттырып, коррупцияға жол бермесек деймін. (Сұхбаттың толық нұсқасы «Оңтүстік Рабат» газетінде)
string
Қоқыс аумағы 1980 жылы Шымкент шаһарынан әлдеқайда шалғай жатқан-ды. 40 гектар жер қоқыс тасталатын полигон болады деп шешілген. 32 жыл бойы оның 30 гектар жері қоқыс тасталатын полигон ретінде пайдаланылады. Бұдан кейін қала көлемі өсіп «Самал», «Достық», «Асар» деген шағынаудандар бой көтерді. Қазір мұнда көк түтін мәңгілік алау сияқты бір сәтке толастар емес. Осы аумақта тұратын халықты тұншықтырып бітті. Қалалық құрылыс бөлімі мамандарының мәлімдеуінше полигонды қайта қалпына келтіру үшін жергілікті бюджетен 30 млн. теңге қаржы бөлініпті. Ай соңында жұмыс басталады. Ал жаңа қоқыс полигонының инфраструктурасына қажетті 438 млн тенгенің алғашқы 20 млн. теңге берілді. Жұмыс қыркүйектің 20 жұлдызында басталмақ . Бір қызығы қоқыс полигонын рекулиивация жасау кезінде полигонға қоқыс тастау тиылады деген құрылыс бөлімінің мәлімдемесін «Техналогия-21 » ЖШС -нің басшылары жоққа шығарып отыр. Ол мекеме жаңа қоқыс алаңында құрылыс аяқталмай қала тұрғындарының қалдықтарын қабылдамаймыз дейді. Енді жергілікті басшылыр осы мәселені шешулері тиіс
string
Кеше Шымкенттегі Ж. Шанин атындағы қазақ драма театры өзінің 78-маусымын ашты. Басқа-басқа емес ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» трагедиясымен түрілген маусым шымылдығы сахна өнерін сүйетін тұрақты көрермендер барын тағы бір айғақтады. (Қоюшы режиссер – Ерғали Оразымбетов). Абай Бірақ, Халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртіс, ҚР мәдениет қайраткерлері ойнайтын қойылымға театр саңлақтары қарапйым көрерменнен гөрі әкімдердің келгенін күткен сыңайлы. «Біздің де өнерімізді көріп бағаласа екен, сахнадағы Ұлы Абайдың ескі шапан киіп жүргенін көріп ойланса екен, өнерге өгей баладай қарамаса екен, қаржылай көмек қолын созса екен» деген толып жатқан ниеттерін білдіргісі келіпті. Маусым енді ашылды ғой. Алда әлі талай премьера бар. Әлдеқашан тұрақты көрерменін тапқан «Жанпида», «Сыған серенадасы», «Мұхамед Хайдар Дулати» да бар деп көңіл жұбатамыз. Бірақ, сахна саңлақтары «сахнада күнде Абай, Құнанбай, Оразбай, Күнту, Көкбай жоқ қой» деп қынжылады. Ондай кезде облысты басқарған Б.Жылқышиевті аузыға алады. «Аудан әкімдерін бастап, барлық орынбасарын ертіп келуші еді театрға» дейді. Ойланатын нәрсе екен….
string
Қаратау мен Қазығұрт баурайларынан барған біздер Карпат тауларына бауыр басып-ақ қалғандаймыз Бұл – Түлкібастағы Пістелі ауылы. Бұрын Таупістелі болған Енді Сайрам шыңына көтерілу үшін араб шейхтарынан рұқсат сұраймыз. «Сайрам-Өгем» мемлекеттік қорығының меншігіне жататын Сайрам су шатқалын арабтың бай-қуаттылары 49 жылға жалға алыпты. Өз тауымызға өзімізді шығармайды енді… тау баласы тауға қарап өседі деуші еді. Енді қайттік… Сатылмаған не қалды дерсіз?! Байқайсыз ба, Сіз бен Біз қоғамдағы келеңсіздікке таңқалудан қалып барамыз?! Бізді ешнәрсе селк еткізбейтіндей. Барлығы да үйреншікті. Солай болуға тиісті сияқты. Шіліңгір шілдеде шұғыл шаруаң болмаса, демалыс күндері Шымкентте шыли бөгелмеген дұрыс. Бірақ, қайда барамыз?Қала сыртындағы демалыс аймақтары әлдеқашан жекеменшікке сатылып кеткен. Бағасы у-дай. «Машат» шатқалындағы жекеменшік демалыс орындарында демалу үшін бір отбасы тәулігіне 20-30 мың теңге төлеуі керек. Қасқасудағы демалыс орындарындағы жағдай да осындай… Бұл-кез-келген отбасының қалтасы көтере бермейтін жағдай. Қалтасы қалыңдар қызмет көрсету ісі сын көтермейтін отандық демалыс орындарынан гөрі шетел асып, мұхит жағалауында, теңіз төңірегінде қыдырғанды қалайды. Сонда қаймана қазақ қайда барады? Өзен жағалап, қыр аралап, лас су тоғандарында суға түсіп жүреді. Қоқыстан көз ашпайтын Қошқаратаға барады. Санитар мамандардың дабылына құлақ аспаған көп қазақ көлік жуатын көлшіктер мен суы лай өзендерге шомылып жүр. Қала орталығындағы су бұрқақтарына барады сая іздеп. Оның өзі көп емес. Анау, «Фосфоршылар» мәдениет үйі алдындағы жауқазын пішінді су бұрқақтарын айта-айта жақ талды. Бірақ, қала әкімдігі әлі де болса сол бұрқақтан су ағыза алмай әлек. Себебі-жекенікі. Қаласа-су ағызады, қаламаса -ағызбайды. Бірді айтып, бірге кеткеніміз емес, қала тұрғындары демалыста қайда барарын білмейді. Ал, биліктегілер «демалу мәдениетін үйреніңдер» дейді. Мысалға алматылықтарды келтіреді. «Сенбі, жексенбіде тай-тұяғы қалмай қала сыртына демалуға кетеді… тауға шығады…» дейді. Біздің де шыққымыз келеді. Табиғатқа тамсанып тұрып, асқақ армандарға құлаш ұрса дейміз өскелең ұрпақ. Алайда…Сұлу Сайрамсуда арабтар жүр, «меншігіміз» деп… Аң-құс аулап, Отырарда да арабтар жүр «биік қорғаннан өткізбейміз, кімсің?!» деп… Тауға шығармайды «арабтардың тауы» деп, аң атқызбайды «арабтар атады» деп. Қалай-қалай боп кетті, бұл қоғам?! Арманымыз аласармасын деп алған беттен қайтпадық. Тауға өрмеледік. Сайрам су шатқалындағы Сайрам шыңына шығып, етектегі елге елжірей қарағымыз келді. Өрмелеп келеміз… Жолсерік болған азамат айтады: «Осы жерді 49 жылға жалға алып отырған араб былтыр әншейін бір сағатқа келіп, көріп кетті бұл аймақты. Соның бір сағаты үшін алдын-ала таудың етегіне дейін асфальт жол салынды, жол белгілері қойылды… жергілікті тұрғындар аяқ астынан әбігерге түсті де қалды» дейді. Шың басына өрмелеген сайын жолсерік айтқан әңгіме әдемі әсерден арылтып, ашу-арыстан ақырғысы келеді. Іш алдырмадық. Шықтық, көрдік. Етектегі ел ештенеден хабары жоқтай емін-еркін, бейғам. Айналайын, қазағым-ай! Сендей сабырлы, сендей шыдамды ұлт жоқ шығар?! Жол серігіміз әлі айтып келе жатыр: «өздеріне керемет жағдай жасап алған. меншіктеп алған аумақта сауналары бар керемт. Ал, қарапайым халық демалатын жер анау, етектегі тастай су…» Болмады ғой. Тастай деген тау суына шомылдық, сүйегіміз сырқырады. Мөлдір су бойымыздағы бар дертті сылып алғандай. Ра-а-а-а-ха-а-а-ат! Рахат-ай?! Өкпе тарқап, ашу адасып кетті бізден. Етекке тустік. Мал бағып жүр екі қара домалақ бала. Жүзін күн қақтаған. Күйбеңдеген тіршілік тізбегінде кетіп барады қаймана қазақ. Адасып кеткен ашу тауып алды осы кезде бізді. Намысты оятып әлек. Ал біз сатамыз. Тауды да, суды да… барлығын сатып жатырмыз. Сатылмаған не қалды?
string
Үй қоңыраулары бар жайлар әдетте таза, әрі қауіпсіз-дейді Гүлзада Алдабергенова Үй қоңырауын қойдырғыңыз келсе- қадамды бүгін жасаңыз. «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясы акция жариялап отыр. Мұндағы әрбір қатысушы екінші кілтті тегін алуға мүмкіндігі бар. Үй қоңырауларының қажеттілігі мен жақсы қызметін бүгінде тек пәтер иелері ғана емес, олардың туыстары да бағалайды. Дәл қазіргі уақытта үй қоңырауларын қою тиімді дейді компания басшылығы. Сіз қоңырау қойдыра отырып, акция мүшесі де бола аласыз. Акция ұйымдастырушылар тағайындалған купондар санының шектеулі екендігін ескертеді. Сондықтан да үй қоңырауларын қоюды кейінге қалдырмағаныңыз абзал.
string
"Меланж" АҚ -ына мемлекет тарапынан ауқұымды қолдау болмақ. Оңтүстіктің алып өндіріс орындарының бірі – «Меланж» АҚ банкроттықтың аз-ақ алдында. Мемлекет тарапынан өнеркәсіпке қолдау көрсету мақсатында жүйелі механизмді жасап шығарды. Бірақ бір жылға ғана бағытталған мемлекет бағдарламасымен «Меланж» мәселесін шеше алмаймыз дейді шенеуніктер.
string
1-ші қазаннан кейін Жер мен мүлік салығын азаматтар өсіммен өтейді. Қыркүйектің 30-ы мүлік және жер салығын төлеудің соңғы күні. Әл Фараби ауданы бойынша салық төлеушілердің саны 38 мың. Жоспар бойынша аудан 7 млн. 400 мың теңге жер салығын жинау қажет болса, қазынаға 10 млннан астам қаржы түскен. Мүлік салығынан жоспар 34 млн. құраса, нақты қазынаға түскені- 31 млн. Төлемдерді мерзімінде өтемеген азаматтардың кезекте уақыттарын өткізуіне өздері кінәлі дейді- мамандар. Олай айтуға негіз бар. Өйткені,әрбір мүлік және жер иесіне коммуналдық төлемдер түбіртегімен есеп айырысатын міндетті салық төлемдердің сомасы көрсетілген қағаздар жеткізілген. Ескертудің пайдасы жоқ емес. Еңбекші ауданы жер мүлігінен жоспарды екі есе асыра орындады-9 млн 871 мың теңгенің орнына 18 млн. 289 мың теңге бюджетті толықтырған. 1-ші қазаннан кейін Жер мен мүлік салығын азаматтар өсіммен өтейді. Ал көп жылдары есеп айырыспаған салық төлеушілерға қатысты әкімшілік шара көрінеді. Осындай қолайсыз жағдайға тап болмас үшін міндетті төлемдерді өз мерзімінде төлегеніңіз дұрыс.
string
Депутатар кезекті аукционға қойылатын жерлердің тізімін де бекітті. Шымкент қалалық мәслихатының депутатары кезекті 55-сесияда аукционға салынатын жер телімдерінің тізімін бекітті. Қалалық жер қатынастары бөлімі комерциялық құрылым алу үшін қала аумағынан 35 жер телімін анықтап саудаға салмақ. Ашық саудаға түсетін жер телімдерінің басым бөлігі -«Асар» шағын ауданында. Жер телімдерінің әр шаршы метрінің алғашқы құны 1280 тенге кему коэфиценті арқылы есептеледі. Аукционның жер алушылар үшін тиімділігі, алынған жер телімінің барлық құжатын жер қатынастары бөлімінің мамандары даярлап береді. Ашық сауда арқылы жер телімін сатып алу бірнеше жылдан бері саябырсып қалған мамандар оны жер басасының қымбатығымен түсіндірді.Алда өтетін аукцион жерге деген сұраныстың денгейін көрсететін болады.
string
60 тан аса сыйлықты мекеме қызметкерлері құрметке лайық қариялардың үйіне апарып беретін болды . Су ресурстары маркетинг компаниясының ұжымы ардагерлер мен зейнеткерлерді халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Мұнда қаламыздың су арнасына үлес қосқан бұрынғы қызметкерлер шақырылған болатын. Кезінде бұл кісілердің бірі су қорғанын салса, бірі жаңа жүйелерді қосқан. Олар мекеменің тарихын тұрғызып, қаланы сумен қамтамасыз еткен адамдар. Халықаралық қарттар күні қарсаңында «Су ресурстары маркетинг» ЖШС ардагерлер мен зейнеткерлерді құтықтады. Мекеменің бір зейнеткері де сыйсыз қалған жоқ. Өкінішке орай, бұл шараға келе алмай қалғандары да болды. 60-тан аса сыйлықты мекеме қызметкерлері құрметке лайық қариялардың үйіне апарып беретін болды.
string
өшірілмеген темекіден ер азамат қаза тапты Зардап шегуші темекіні өшірмей ұйықтап қалған. Өртке осы себеп болыпты.101-ге таңғы сағат 8.26 да Б. Момышұлы көшесінен өрт туралы хабар келіп түскен. Анықталғандай, өрттің көзі лоджиядан басталыпты. Ер азамат диванда тұтанған темекімен ұйықтап ақлған.Жастық өртеніп,өрт матрасқа шапқан. Азамат өртеніп қаза болды. Ал, пәтерде болған жұбайы түтіннің исін сезбегенде. Өрт қызметкерлері өртке оранған төсекті жоғарыдан төменге лақтырды
string
ойын алаңшасы ойын алаңшасы Шымкент қаласындағы мектепке дейінгі мекеменің саны өткен 2010 жылы 139 болса биыл ол 150 ге жетті .Бүгін Ворашиловка елді мекенінде жаңа » Ай Керім » бөбекжай бала бақшасы ашылды Ғимараттың құрылысына 450 млн тенге бөлінге осы қаражатқа мердігер «Зауот Модул «ЖШМ балабақшадағы 18 топқа төсекорын жихаз жасап асханаға қажкті ыдыс аяқтарды жеткізіпті . Шымкент қаласында ел басының балапан бағдарламасы аясында 6 бала бақшаның құрылысы басталған .Соның үшеуі қолданысқа барілдіжыл соңына дейін және үш бөбекжайдың құрылысы аяқталып бала бақша кезегінде тұрған сәбилерді қуантатын болады . №29 бала бақшаға дейін жол мәселесі де оң шешімін тауып асфалт төселуде ғимарат орталық кәріз жүйесіне қосылып қысқы маусымда көгілдір отына бар жеке қазандықпен жылынатын болады
string
Олар қаламыздың тамаша табиғатын бейнеледі Мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелерінде «Шымкент-сүйікті қалам« атты акция басталды.Іс-шара аясында балабақша қызметкерлері түрлі танымдық ойындар мен интерактивті сабақтар, өзін-өзі тану пәнін және сурет салу байқауын өткізуде. Балақайлар қиялындағы Шымкент қаласының табиғаты мен демалыс орындарын, саябақтарды салып, сүйікті қаласы туралы өз ойларын жеткізуде. Шараның мақсаты- бүлдіршіндерді жастайынан өз қаласын сүюге, таза ұстауға үгіттеу, сүйіспеншілік сезімін ояту. Акцияны ұйымдастырушы- ОҚО «Азаматтық Альянс» өкілдері мен қала әкімдігі. Олардың салған суретін арнайы құрылған комиссия мүшелері бағалайтын болады. Ал байқау қала күніне орай қорытындыланып, жеңімпаздар марапаталады.
string
24 қыркүйектегі жалпыреспубликалық сенбілік Шымкент қалалық әкімдігі 24 қыркүйек – сенбі күні жасалған жалпы республикалық сенбілікте белсенділік танытқан тұрғындарға алғыс білдірді. 61 мыңнан аса тазалықшы қатысқан шарада шаһарымыз 1050 текше метр қоқыстан тазарыпты. Баһадүр Нарымбетов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сенбілікте 182 шақырым жол жиегі тазарып, 21 мыңға жуық ағаш түбі әктелді. Шаһардың тазалығын реттеуде бір кісідей атсалысқан қала тұрғындарына рахметімізді айтқымыз келеді. Сенбілікке 7 жастағы баладан 80-дегі қартқа дейін қатысты. Жақында өзінің ерекше белсендігімен көзге түскен ең жас және ең егде тазалықшымыз үшін қала әкімі Арман Жетпісбаевтың марапат қағазын бермекпіз. Жалпы республикалық шарада түрлі санаттағы мекеме ұжымдары да айтарлықтай еңбек етті». Журналистермен болған баспасөз конференциясында Баһадүр Нарымбетов таяуда Грекиядағы бір полистің Шымкентпен бауырлас ел ретінде тіркелмекші болып жатқанынан хабардар етті. Мұны қала әкімінің идеология жөніндегі орынбасары шаһарымыздың күн санап көркейіп, халықаралық дәрежеге шыға бастауынының арқасында болып жатқан алғышартқа балайды. Алда келе жатқан қала күнінің сенбілігіне 100 мыңға жуық тұрғындар тартылмақшы екен. Шымкенттің туған күнін арнайы 10 күндік ретінде атап өтеміз деген ұйымдастырушылар шаһарда ол күндері қазақтың түрлі ойын-сауық дәстүрлері жасалатынын айтады.
string
Кешеден бері М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің оқу корпусында облыстың барша аудан, қала әкімдігі мен басқарма қызметкерлері мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендері бойынша тест тапсыруда. Айта кетейік, 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметке тұру үшін ең алдымен мемлекеттік тіл-қазақ тілі бойынша тест тапсыру барлығына бірдей міндеттеледі. Әзірге, шымкенттік шенеуніктердің деңгейін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Тесті ҚР Ғылым және білім министрлігінен келген арнайы комиссия алуда. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы бұл шараны ұйымдастырушы ғана. Бүгінгі күнге дейін Түлкібас, Созақ, Қазығұрт, Сайрам аудандары мен Арыс, Шымкент қаласының шенеуніктері «қазтест» тапсырып шықты. Сонымен бірге, облыстық табиғи ресурстар, туризм, дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлікті дамыту, мұрағат басқармаларының қызметкерлері де қазақ тілін қаншалықты білеғтіндіктерін көрсетіп шықты. Тест тапсыру бүгін, ертең де жалғасады. ОҚМУ-дың 312,340 аудиторияларында оңтүстіктің шенеуніктері қазақ тілінен тест тапсыруда мемқызметкерлер қазақ тілінен тест тапсыруда
string
Муслима Котлобулатованың жаңа баспанасы үлкен болмаса да, жаңа жанұя мүшелері нағыз мейірбан жандар деуге блоады Көрші Ресейден Шымкентке туыстарын іздеп келіп, далада қалған Муслима Котлобулатоваға бүгін жанашырлар табылды. Еске сала кетейік 62 жастағы қарт азаматша қаламызға Краснорск өлкесінен 11-ші қыркүйек күні келген еді. Өкінішке орай, науқас әйел туыстарының есімдерін және мекен-жайын есіне түсіре алмаған.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YvwwZ1nVGo0[/youtube]
string
Нысан жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда 1979 жылы халықаралық балалар күніне ашылған Ғани Мұратбаев атындағы балалар теміржолы көп жылдары қараусыз тұрған болатын. Биыл бюджеттен қаржы қарастырылып,станцияның негізгі бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Тұрғын үй МКҚМ» ЖШС-і бастаған құрылыс барысында нысанның алаңы көріктендіріліп, шойын жол да қалыпына келтірілген. Соңғы тұрақта ,»Тұлпар»станциясында құрылысты бастауға қала әкімдігімен жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Мұнда ескірген әкімшілік және касса ғимараттары жөнделіп, кіреберіс қақпасы жаңадан салынады. Нысан жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
string
Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен бүгін тегін тілашар кітаптары таратылып жатыр. ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша әзірленген тілашар топтамасы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген талаптарды жүзеге асыру мақсатында жасалған. Шымкент қаласында тұратын 580 мыңнан астам тұрғынның 337 мыңы қазақтар, 243 мыңы өзге ұлт өкілдері, ал Сайрам ауданындағы тұрғынның 192 мыңға жуығы өзге ұлт өкілдері. Сол себептен тілашарлар аудандар мен қалалардың халық саны мен өзге ұлт өкілдерінің санына қарай бөлінді. Мысалы: Шымкент қаласына 9400, Сайрам ауданына 3800, т.б. Мемлекеттік тілді үйренемін деген келіп өтінішін білдірген жағдайда тілашар тегін таратылады. Тілашар топтамасы күнделікті әлеуметтік-тұрмыстық және ауызекі сөйлеу тілінде жоғары жиілікпен жұмсалатын, сөйлеу әдебіне, жөн сұрасуға, сұрақ-жауап алмасуға қатысты тұрақты репликаларды, стандартты орамдарды білу, оларды күнделікті коммуникативтік актіде пайдалануға ұмтылу тілді үйренудің бастапқы сатысында айрықша тиімділік танытады.
string
Қаламыздағы дендробағында облыс тұрғындары жиналған Алтын күз облыстық туристтік слет болды. Тәуесіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арналған фестивальдің мақсаты жастар мен жасөспірімдердің туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, Оңтүстігіміздің көркем аймақтарымен халықты таныстыру болды. Арнайы құрылған қазылар алқасы слетте ұсынылған туындыларды бағалады. Яғни,әуесқой фотосуретшілер мен гүл өсірушілер,оларды безендірушілердің үздіктерін анықтады. Фотосуретшілер арасында «Жалғыздық» деген еңбегімен Абдуали Разметов жеңімпаз едп танылса, гүл өсірушілер мен оны безендірушілер арасында №19 «Қызғалдақ» балабақшасы ұжымының еңбегі бағаланды.
string
"Отырар" телеарнасы мен "Рабат"," Оңтүстік Рабат" газеттерінің қызметкерлері айналаның жинауда белсенділік танытты Шымкентте сенбілік өтті! 24-ші қыркүйек, сенбі күніне белгіленген Тазалық шарасы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Жалпы республикалық сенбілікке тұрғындар мекемелер қызметкерлері, оқушылар мен студенттер түгел қатысып, өз аулалары мен көшелерді, өздері тұратын аумақты тазалауда белсенді болды. Сенбілікке «Отырар» телеарнасы мен «Рабат»,»Оңтүстік Рабат» газеттерінің тілшілері де ат салысты. Олар күнделікті қарбалас жұмысын тастап, бір сағатқа қаламдарын, сыпырғы мен қалаққа ауыстырып, қоқыс жинастырды.
string
Өз мүгедектігін дәлелдеуге де пара беру керек пе? Қажетті құжаттарын жинай алмай, табанынан тозған қария осылай ашынады. Ақсақал Нұр Отан партиясынан кезекті рет көмек сұрап келіпті. Айта кетейік, халық демократиялық партияның облыстық филиалындағы кезекті қоғамдық қабылдауын әлеуметтік сала мамандары жүргізді. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8glTtDt7k9k[/youtube]
string
Шымкентте 500 ден астам әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының қысқа қажетті қатты отынды күтіп отырғандарына бір айға жуықтады. Көмір жеткізіп беруге құзырлы «Сәт Көмір» ЖШС қала тұрғындарына қажетті 200 мың тонна қатты отынның 1383 тоннасын ғана әкелген. Оның өзінің сапасы сын көтермейді. Құны 4500 тенге тұратын жеңілдетілген қатты отынды алуға ниет білдіретіндердің саны Шахарда жеткілікті. Сол себепті де өз міндетіне немқұрайлы қараған мердігер қызмет көрсетуден бас тартпақ ойда.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pd2bm6Qq_20[/youtube]
string
Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл толған мерейтойға дайындық жан-жақты Арысқа «Менің Қазақстаным» атты үгіт насихат поезының бүтіндей құрамы ат басын бұрды. Ондағы негізгі мақсат тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында жеткен жетістігімізді жұртшылыққа паш етуден бөлек, ел тұрғындарын қажетті көмекпен қамтамасыз ету. Үгіт-насихат поезының құрамында әлеуметтік қамсыздандыру министрілігінің өкілдері, қаржы саласының қызметкерлері, шағын несиелендіру ұйымдарының өкілдері, ақ халаттылар мен спортшылар, эстрада жұлдыздары және бишілер болды. Алдымен вокзал алдында шеру ұйымдастырылды. Содан кейін әр саланың қызметкерлері өз міндетіне кірісті.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=L4-iOlo8lO8[/youtube]
string
Шымкенттегі дендробақта орналасқан кафелер мен аң-құстар қамалған вольерлердің жұмысы заңсыз. Облыстық прокуратура өкілдері осындай мәлімдеме жасады. Құзырлы орган қызметкерлері мұндай қорытындыға кезекті тексеру қорытындысынан соң келіп отыр. Енді бұл нысандардың өз жұмысын тоқтатуына тиісті орындарға хат жолданды. Дендробақ ішінде 3 бұғы мен 6 павлин құсы арнайы қоршаулы аймақта өмір сүреді. Ал бақтың қақ ортасындағы темір қаңқалы кафенің жұмыс істеп тұрғанына бір жарым жылдан асып кетті. Қараусыз қалған орынды кафетериге айналдырған. Дендробақта демалушылар да тынығатын орынның дәл осы келбеті мен күйіне үйреніп қалған сияқты. Олар мұндай қорытындымен келіспейтіндіктерін айтады. Дегенмен, бұл қорытындыға соңғы нүктені тиісті орындар қоятын болады.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Fdv8SzNIplc[/youtube]
string
Алтынбек Ташымбетов «Ұнатып ем», «Сен келдің» атты әндерімен тыңдарман қауымның жүрегіне жол таба білген әнші Алтынбек Ташымбетов ақ құсын қолына қондырды. Осыдан екі жыл бұрын «Алматы -нағыз өнердің ордасы» деп өз шығармашылығын шыңдау мақсатында Алтынбек еліміздің оңтүстік Астанасына жол тартқан болатын. Алайда өмірлік жарын кездестірген ол өз туған қаласына қайтып оралды. Қазір қарқынды түрде неке тойымызға дайындалудамыз. Жеке шығармашылығымның уақытша үзліс табуы да осыдан. Ал өмірлік жарым Ұлжарқынмен Астана қаласында концерттік кештердің бірінде таныстым. Алдымен дос болдық кейін достық махаббатқа ұласты. Негізінде Ұлжарқын Сарыағаш қаласы Абай ауылынан қарапайым отбасында тәрбиеленіп, бойынан келінге тән инбатталықпен ізеттілікті байқаған мен оны бірден ұнатып қалдым дейді Алтынбек Ташымбетов. 500 қонақтың басын қосатын той Шымкентте еліміздің әйгілі өнер адамдарының қатысуымен өтеді.
string
Петр Зименс "Большая разница" Петр Зименс «Большая разница» Жерлесіміз Петр Зименс «Большая разница» жобасына барып, көрермендерді өз өнерімен тәнті етті. «1 арна Евразиядан» Алматыда кастинг болып жатыр деген жарнама көрдім. Кешке Алматыға жеттім. Бағдарлманың продюсері мені бірден байқады. Әйгілі адамдарға жасаған пародиям ұнапты. Одессаға шақырып еді бірден келістім. Қаншама әйгілі жұлдыздарды көрдім. Дәлізде Александр Цикалоны көріп, амандастық. «Большая разница» бағдарламасы арқылы Ресей сахнасына шығамын», – дейді Петр Зименс. «Большая разница» жобасының басшылығы Петр Зименсқа 5 жыл бірге жұмыс істеуге ұсыныс жасады.
End of preview.

No dataset card yet

New: Create and edit this dataset card directly on the website!

Contribute a Dataset Card
Downloads last month
10